« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Біздің аймақта Қорқыт ата есімін ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға аманаттау тұрғысында көптеген ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бірі де бірегейі – Адамзаттың Материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне «Қорқыт ата мұраларын» енгізу болатын. Жыл бойы Қорқыт ата мұралары жан-жақты зерттеліп, жүйеленіп, Қызылорда, Алматы қалаларында семинарлар өткізілді. Аталған семинарға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан тарабының мамандары, Халықаралық түркі академиясының өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Корей мәдениет мұралар қорының бақылаушылары қатысты. Нәтижесінде, «Қорқыт ата мұралары» ұлттық өтінімі толығымен аяқталып, Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне ұсынылды.
Биылғы жыл ұрпақ жадында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін жоғары деңгейде өткізуімен ерекшеленгені анық. Аталған Халықаралық көрменің республикалық жоспарына түркі дүниесіне ортақ ойшыл «Қорқыт ата» кешенін таныстыру енгізіліп, алыс-жақын шетелдерден келген меймандарымыз Қорқыт ата қобызының қоңыр үнімен сусындап, рухани тағылым алып, Сыр елінің мәдениетімен тереңірек танысты.
Өздеріңізге белгілі, облыс әкімшілігі «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымымен бірлесе отырып үш жылда бір рет «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық өнер фестивалін өткізіп келеді. Аталған өнер мерекесі биыл ІV рет ұйымдастырылуда. Түркі мәдениеті – бәріміздің ортақ қазынамыз, бүкіләлемдік мәдениеттің бөлінбес бөлшегі. Осы орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген салмақты сөзі ойға оралады. Үш күн бойы Ақмешіт аспанын ән мен жырға бөлеп, келер ұрпаққа ұлағатты ой қалдырар бұл басқосуға Әзірбайжан, Татарстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Түркия және ТҮРКСОЙ ұйымы, Түркі Академиясы, Қытай Халық Республикасы мен еліміздің көрнекті ғалымдары, өнертанушылары, өнер иелері бас қосады деп күтілуде.
Айтулы шара Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектаклімен ашылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Тұран таңбалары» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесі «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, түркі тілдес елдер мен қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өткізіледі.
Фестиваль барысында алыс-жақын шетелдерден және Қазақстаннан келген ғалымдар мен музыка мамандары облысымыздың орта және жоғары оқу орындары мен мәдениет ошақтарында шеберлік класын өткізіп, Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды ескерткіш-кешенімен танысатын болады. «Салт-дәстүрі сақталған Сыр елі» атты этноауылға қонақ болады.
Өнер мерекесі Қорқыт ата мемориалды ескерткіш-кешенінде «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалінің жабылу салтанатымен қорытындыланады деп жоспарланып отыр.
М.СӘРСЕНБАЕВА,
облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы «Жыраулармен жұмыс»
секторының меңгерушісі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |