Еліміздің барлық өңірінде «Атамекенiм» акциясы басталды. Бүгін «Атамекен» алаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Баспасөз мәжілісінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның бастамасымен «Атамекенім» акциясының басталғаны туралы хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
616
0
Қазір қайдам, біз оқуға түскен сексенінші жылдардың соңы ҚазМУ қалашығы қыз-қыз қайнап жататын. Әсіресе, оқу корпустары қатар, жатақханалары жақын филфак пен журфак студенттері еншісі бір ағайынның балалары секілді еді. Жатақханадағы қыздарға сырттан еркеккіндік келсе кіржие қалатын филолог жігіттер Шыңғысханның әскеріндей шұбырып жүретін болашақ журналистерге қабақ шыта қоймайды. Өздері де олардың жатақханасына барса есік алдында іркіліп қалмай, еркін кіреді. Қаныбекті ең алғаш осындай жорықтардың бірінде көрсем керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
1 344
0
Қазақстанның басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі. Солтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
637
0
Қазақстандағы мектептер бес күндік оқуға көшуді бастады. Павлодар мен Қызылорда облысы жаңа кестемен оқуға кірісті. Бірақ, бұл жүйені жатырқағандар жетерлік. Осы тақырыпта ата-аналардың пікірі екіге жарылды. Министрлік алты күндік кестеден арылдық дегенмен, бес күнде оқитын пәндердің тізімі көбейген деп хабарлайды КТК арнасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
441
0
Алматы облысында өзін алып қашқан жігіттің үй-ішін тақырға отырғызып, барынан айырған "алаяқ келін" елдің ашуына тиді. Бастапқыда жас жігітке жар болуға келісімін берген қыз қалың мал, киіт сынды жоралғыларды орындап, оқуының ақшасын төлетіп алған соң үйіне кетіп қалған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
957
0
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан латын қарпіне өтуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауында сөз алған депутат бұл мәселеде кешікпеу керек екенін айтты.
ЖАРНАМА
12 қыркүйек 2017 г.
831
0
Таяуда Қазақстанға Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоған келген еді, оның әйелі Астанаға бірінші келген. Әмине Ердоған баласымен бірге елорданың әсем жерлеріне барып, қалалықтармен кездесіп, қарапайымдылығы мен ашықтығы жұртты тәнті етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
425
0
Қай халықтың болса да рухани мұрасының хатқа түсуінің, яғни сол халықтың жазба мәдениетінің тарихы бар. Қазақ халқы да өз тарихында осындай жазбалық мәдениеттің әр алуан сатыларынан өтті. Қазіргі кезең бізге әліпби мәселесін күн тәртібіне енгізуде. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», - деді.
ЖАРНАМА
12 қыркүйек 2017 г.
1 090
0
2017 жылғы 10 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жедел басқару орталығының «102» арнасына ұялы телефон арқылы қала тұрғыны хабарласып, қала орталығындағы көпқабатты үйдің 3-қабатында күмән тудырарлық қорап жатқаны туралы хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
487
0
Соңғы мәліметтерге сәйкес, астық алқабының 76,7 пайызы орылып, 14,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекорлық режимдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 қыркүйек 2017 г.
493
0