ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан латын қарпіне өтуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдауында сөз алған депутат бұл мәселеде кешікпеу керек екенін айтты.
"Шынында да дайындалдық, осы нәрсенің түбі болатыны әркімге белгілі болды. Және біз өзімізді дайындаған жоқпыз, уақыт дайындады. Қалта телефонымызға келген СМС хабарлар орыс тілінде келген информацияның өзі латиницамен келіп, солай дайындады. Осы күні соткасынан айырылған адам, соскасынан айрылған баладан бетер мына заманда шынында да кетіп жатқан ақпараттың барлығы латиница, өйткені әдеп солай ыңғайланып жатқан кезде туады. Осы уақыттан ерте бастасаң ерте болып кетер еді, енді кешіксек кеш болуы әбден ықтимал", - деді ол. "Алдымызда үлкен бір Әліпби реформасын жасауда, кеше қысынан айырылған түріктің реформасы бар, өз елінде өгей шыққан өзбектің реформасынан алатын үлгіміз бар, әңгімесі бұзылып қалған әзірбайжанның, түңлігі түріліп қалған түркіменнің жағдайы біздің басымызда да бар. Ол қателікті жібермеуге бізге толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз", - деген ол әліппе ауыстырудың астана ауыстырғаннан қиын емес екенін айтып өтті.
"Сондықтан да сөз ыңғайларыңыз немене дегенде, әліппе ауыстыру астана ауыстырғаннан қиын емес, әліппе ауыстыру жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға кілт бұрылғаннан қиын деп ойламаймын. 1929 жылы біздің қазақ арабикадан латынға бар болғаны ек-ақ жылдың ішінде ауысқан. Содан қиын емес. Ең бастысы ниет керек", - дейді депутат. Айта кетейік, осы отырыста латын әліпбиінің конвертер қосымшасы жасалғаны хабарланған еді.