« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |
2017 жылғы 10 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жедел басқару орталығының «102» арнасына ұялы телефон арқылы қала тұрғыны хабарласып, қала орталығындағы көпқабатты үйдің 3-қабатында күмән тудырарлық қорап жатқаны туралы хабарлайды.
Оқиға орнына облыстық ішкі істер департаментінің және басқа да құрылымдардың күш-құралдары жұмылдырылып, тұрғындар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оқиға орнында толық тексеру жұмыстары жүргізіліп, табылған қораптың ішінде от-шашулар бар екені және айналаға қауіп төндірмейтіні анықталды. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында аталған қорапты 1973 жылы туылған пәтер иесі қоқыс ретінде подъезге шығарып тастағаны белгілі болып, аталған азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Осыған орай, облыс тұрғындарынан өздерінің жеке мүліктеріне, адамдар арасында күмән тудырарлық заттарына бас-көз болып, қараусыз қалдырмауды сұрай отырып, аталған іс-әрекеттер халық арасында үрей тудыратындығын ескертеміз.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі
« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |