«Денсаулық» медициналық пойызы екі айдан астам уақыт Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсетті. Пойыз 14 маусымда осы аймақтағы жұмысын бастап, 26 тамызда Сауран бекетінде аяқтады. Қызылорда облысындағы шалғайда орналасқан 31 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары жылжымалы медициналық бригада дәрігерлерінің қызметіне жүгіне алды, олар: Сексеуіл, Абай, Арал теңізі, Сапақ, Шөміш, Бекбауыл, Қазалы, Үйінді, Көбек, Майлыбас, Байқожа, Төретам, Диірментөбе, Жосалы, Қызылтам, Қаракеткен, Жалағаш, Тереңөзек, Қараөзек, Белкөл, Бірқазан, Майлытоғай, Ақмая, Екпінді, Төменарық, 26-жол айырық, Бөріойнақ, Аққұм, Талап, Бесарық және Сауран.