« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жексенбі күні, 10 қыркүйекте көрме кешенінің аумағында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанаты өтеді. Іс-шараның ресми бөлімі Конгресс орталығы ғимаратында өтеді. Алайда, көрсетілім Амфитеатр сахнасынан 20:00-ден 20:50-ге дейін жүргізіледі.
10 қыркүйекте көрме штаттық режимде қызмет етеді. Барлық павильон қонақтарды 09:30-дан 20:00-ге дейін қабылдайды. Ресми билет кассалары 09:00-ден 18:30-ға дейін және 22:00-ден 00:30-ға дейін жұмыс істейді. Ал, 19:00-ден 22:00-ге дейінгі уақыт аралығында көрменің барлық кіреберісі жабылады. Оңтүстік және батыс кіреберістері сағат 22:00-ден бастап қайта ашылады және 01:00-ге дейін келушілерді қабылдайды.
Павильондар атриумы 22:00-де ашылып, 02:30-ға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында халықаралық павильондар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады. Көрме кешені аумағындағы мейрамханалар мен тамақтану орталықтары жұмыстарын 22:00-ден 02:30-ға дейін жалғастырады.
Концерттік бағдарлама сағат 18:00-ден 20:00-ге және 21:00-ден 23:10-ға дейін Амфитеатр сахнасында өтеді. Оны ЭКСПО-2017 көрмесіне кіру билеті арқылы тамашалауға болады. Көрменің жабылу салтанатына арналған салют сағат 21:15-те өтеді.
Естеріңізге салайық, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымында басталған болатын. «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбы энергетика саласының қазіргі кездегі жаһандық мәселелерін қамтыды. Көрмеге баламалы энергия көздері саласындағы жаңа технологияларды ұсынған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысуда.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |