«Денсаулық» пойызы екі айдан астам уақыт болды

«Денсаулық» медициналық пойызы екі айдан астам уақыт Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсетті. Пойыз 14 маусымда осы аймақтағы жұмысын бастап, 26 тамызда Сауран бекетінде аяқтады. Қызылорда облысындағы шалғайда орналасқан 31 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары жылжымалы медициналық бригада дәрігерлерінің қызметіне жүгіне алды, олар: Сексеуіл, Абай, Арал теңізі, Сапақ, Шөміш, Бекбауыл, Қазалы, Үйінді, Көбек, Майлыбас, Байқожа, Төретам, Диірментөбе, Жосалы, Қызылтам, Қаракеткен, Жалағаш, Тереңөзек, Қараөзек, Белкөл, Бірқазан, Майлытоғай, Ақмая, Екпінді, Төменарық,  26-жол айырық, Бөріойнақ, Аққұм, Талап, Бесарық және Сауран.
Қызылорда облысының 12 644 тұрғыны, олардың қатарында 2 524 бала тиісті тексеруден тегін өтіп, қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңес және жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама алды. 99 579 дәрігерлік қабылдау тіркеліп, 45 917 диагностикалқ іс-шара, 11 амбулаториялық ота жасалды. Маммолог дәрігерлер 1 165 әйелді тексерді. 3 294 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.
«Денсаулық» медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған, сонымен қатар онда қызметкерлердің жайлы жол жүруіне барлық мүмкіндік қамтамасыз етілген. Медицина бригадасының құрамында Қызылорда облыстық ТЖ ауруханасының келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, тіс дәрігері.
«Денсаулық» пойызы өз жұмысын 2017 жылы 21 сәуірде Маңғыстау облысының Тұрыш бекетінен бастады, пойыз өз жолында Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады, содан соң 2017 жылы 21 желтоқсанда Алматы облысында жұмысын аяқтайды. Кесте бойынша, келесі баратын аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы болмақ.
Жазда, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызының жұмыс уақытында балаларға арнайы алаңдар мен аттракциондар ұймдастырылады.
Жобаны жүзеге асырушылар:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақтық басқару органдарының қолдауымен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2017 г. 549 0