Қызылордалық қолөнер шебері Айдана Әлайдарова апа-әжелерінен дарыған өнерді өлтірмеуге тырысып жүр. Ол киізден небір бұйымдар дайындап, киім де жасап шығарады. – Қолөнер біз, қазақ қыздары үшін таңсық емес. Ауылда өстік. Үлкен кісілер текемет басып, кілемнің жібін иіргенде айналшықтап жандарынан шықпайтынбыз. Сөйтіп жүріп үйрендік, – дейді ол.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
978
0
Тарих – өткеннің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Тарихи естелік қоғамды алға жетелейтін бірден-бір құрал деп есептеймін. Сондықтан, біз өткенімізге бей-жай қарай алмаймыз. Бүгінгі басқосудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қарап отырып, қазақ халқының да өз тарихына салғырт қарамайтынына көз жеткізуге болады. Маңызды жиында мәртебелі меймандар мен тәжірибелі ғалымдар өткен тарихқа терең бойлап, қазақ жұртының ертеден қайсар ел болғанын, бабалар мұратына бүгінгі ұрпақтың қол жеткізгенін ашық айтты. Өткенін ұлықтап, ерлікке тағзым ететін қазақтай бауырлас елдің барына біз де ¬разымыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
687
0
Ата-бабамыз қабырғасын алтын кесекпен қалап кеткен ана тілімізде ұғымынан ажырап қалған тұрақты тіркес, айшықты сөздердің алдымыздан жиі шығатыны бар. Мысалы, тілдік қорымызға қашан енгенін қайдам, «келуі мұң екен» деген сөзді жиі айтамыз. Сөйлем құрайық, «Апамның келуі мұң екен, үйге қуаныш пен береке бірге кірді». Қуаныш пен береке кірген жерде «мұңның» жүргеніне жол болсын. Мұның дұрысы әлгінде айтқанымыздай, «Апамның келуі міне екен, үйге қуаныш пен береке бірге кірді». Осындағы «мұң екеннің» төркіні «міне, екен» сөзінен шығып, «жылжитын аңның» «жылан» болып кірігіп кеткеніндей күйге түскенін байқаймыз. Айтыла-атыла қолданысқа дендеп енген мұндай сөздерге қазір кешіріммен қарайтын болдық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
966
0
Кеше Қызылорда қаласындағы қайта жаңғыртылған ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш алаңында «Азалы тарихқа тағзым» атты митинг болып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
800
0
Қызылорда қаласында «Аралбай Махамбетов Мемориалына» арналған шахматтан ҚР балалар кубогының Кубогының I кезеңі аяқталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
630
0
Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблясы хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Оңтүстік Корея елінен Ханкук университеті Орталық Азия институтының профессоры Сангчел Ким, Түрік технология және бизнес университетінің профессоры Тогрул Исмаил, ҚР Президенті архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы Борис Жапаров, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған және еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
1 214
0
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және Қырғыз Республикасы, Нарын облысының орталығы Нарын қаласы жоғары кеңесінің бірінші Вице – спикері Уланбек Жаанбаев «Қызылорда және Нарын қалалары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс» туралы меморандумға қол қойды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
558
0
Тәжікстан теңізден алыста орналасқанына қарамастан, 1993 жылы Халықаралық Аралды құтқару қорының тең құрылтайшысы болды. Өндірісті сумен қамтамасыз етуде, электр энергиясын өндіруде, халықты жұмыспен қамтуда Әмударияның маңызы жоғары.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
576
0
Орталық Азия мемлекеттері Арал теңізін түлетуге қатысты ширекғасырлық жұмыс тәжірибелеріне талдау жасап болды, ендігі жерде Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған нақты қадамдарға көшетініне сенемін.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
536
0
Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай Қармақшы ауданында болды. Сапар барысында бірнеше мәдени нысанды аралап, жұмысымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
653
0