Орталық Азия мемлекеттері Арал теңізін түлетуге қатысты ширекғасырлық жұмыс тәжірибелеріне талдау жасап болды, ендігі жерде Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған нақты қадамдарға көшетініне сенемін.
Бұл жобалар табысқа бастап, экологиялық мәселелердің шешіміне айналуы тиіс. Осыған дейін біршама бағдарлама, тұжырымдама, стратегия, конвенция мен келісім қабылданғаны белгілі. Бүгінгі форум барысында көтерілген ұсыныстар да аяқсыз қалмауы керек.
Соның бірі – көгалдандыру жайы. Бұл бастама ауаны тазартып, су сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жанға жайлы климат қалыптасады, тынығу орындарын ашуға ықпал етеді. Сол кезде инвесторлар тартып, өңірдің тұрмысын түзеуге де болар еді.
Болат ЕСЕКИН,
орнықты даму жөніндегі
халықаралық сарапшы,
кәсіби эколог.