Жастарға жұмысшы мамандықтар насихатталды

Жастарға жұмысшы мамандықтар насихатталды

Мамандық таңдау жасөспірім кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Мен қандай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 1 294 0
Отбасы - өмір тірегі

Отбасы - өмір тірегі

Бүгін "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында партияның "Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ" жобасы бойынша Республикалық «Отбасын қолдау апталығы» аясында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – өмір тірегі» тақырыбында жас отбасылардың қатысуымен ой тастау алаңы өткізілді. Шараның мақсаты отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, отбасы құңдылықтарын дәріптеп насихаттау.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 682 0
Құйрықты жұлдыздай ағып өткен оғлан

Құйрықты жұлдыздай ағып өткен оғлан

Мамырдың 16-сы күні қазақ журналистикасында өзіндік із қалдырып, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Руслан Бөлебайдың туған күні өтті. Жас та болса, елдің сүйіктісіне айналып үлгерген марқұм журналист тірі болса бүгінде 32 жасқа келер еді. NUR.KZ порталы Руслан Бөлебай туралы естеліктерді назарға ұсынады. 2009 жылдың шілде айында талантты журналист Руслан Бөлебай жол апатынан көз жұмды деген ақпарат елді дүр сілкіндірді. Небәрі 24 жасында елге танылып, халықтың сүйіктісіне айналған журналисттің қазасын қазақ жұрты ауыр қабылдады. Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасын жүргізген Руслан Бөлебай бүгінде тірі болса 32 жасқа келер еді. Тілшілік қызметтен бөлек, Руслан әншілікті де қатар алып жүрді. "Кең дала", "Сен болмасаң", "Жанарым", "Елес", "Мөлдір моншақтар", "Кешікпей келем деп ең", "Махаббатпен ойнама сен", "Іңкәрім-ай" әндерін мәнеріне келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді. Русланның өте еңбекқор, жастайынан көптеген істі тындырып үлгерген, ұлтжанды журналист екендігін оның әріптестері де еске алып, жылы естеліктерін жазады. "Алақандай ғана өмірі қалды. Алатаудай есімі қалды... "Тоғыз да қазаққа киелі сан, менің тойым да 09.09.09 жылы болады", - деп жымиғаны бар. Иә, кім біледі, бәлкім. Шынымен де сол күнді көңіліне түйіп жүрді ме екен?!", - деп еске алған жан досы Жігер Сәрсенбаев оның іске зерек, қадамы ширақ, алғанынан қайтпайтын жан болғанын айтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР / ТАҒЫЛЫМ 18 мамыр 2017 г. 1 033 0
ҰБТ СЫНАҒЫНА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?

ҰБТ СЫНАҒЫНА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас өркеннің алдағы мүмкіндігін айқындайтын ҰБТ сынағы – биыл да талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы. Айталық, осы оқу жылында облыстағы 260 орта мектептен 6196 оқушы орта білім алып шығатын болса, олардың 5697-сі қазақ тілінде, ал 499-ы орыс тілінде білім алуда. Бүгінгі таңда жалпы бітіруші түлектердің 4386-сы, яғни 80 пайызға жуығы ҰБТ сынағына қатысуға ниетті болып отыр. Осы орайда ҰБТ-ға әзірлік барысы жайлы облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевқа бірер сауал қойған едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 1 018 0
Аса сақ болыңыздар, балалар суға кетуде!

Аса сақ болыңыздар, балалар суға кетуде!

Балалардың суға кетуі туралы хабарды есту аса ауыр және  өте қорқынышты.  Егер қайғылы жағдай олардың жанында ересектер бола отырып орын алса, онда оны сезіну екі есе қиын. Жыл басынан бері Қызылорда облысында үш адам суға кеткен, оның ішінде біреуі Жаңақорған ауданының орта мектеп бітіруші түлегі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 704 0
БАҚ байқау

БАҚ байқау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын үздік жариялау бойынша БАҚ, блогерлер арасындағы «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты үздік жарияланым конкурсына әдістемелік ұсынымдар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 797 0
СӘЛЕМДЕСЕ БІЛЕМІЗ БЕ?

СӘЛЕМДЕСЕ БІЛЕМІЗ БЕ?

– Бұрын қазақта қазіргідей үлкен-кіші, еркек-әйел жаппай сүйісіп амандаспайтын, – деді ата мен сусын апарғанда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 1 361 0
Фотоконкурс өтеді

Фотоконкурс өтеді

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 100 бейнесі» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған фотоконкурсын өткізу туралы әдістемелік ұсынымдар
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 782 0
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ

Әдебиет сыншысы Бақыт Тұрсынұлының жетпісжылдық мерейтойы туған жер төсінде атап өтілуі облыс басшылығының бастамасы болды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапхана залында ұйымдастырылған шараның беташарын  Жаңақорған аудандық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері жазушы туралы тартымды театрландырылған көрініспен ашты.  Сахна төріне көтерілген мерейтой иесімен бірге филиология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек кештің еркін тақырыпта өтіп, оқырманмен ашық сырласуға сеп болды. Ал, шараның шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов түріп, қарымды қаламгердің  әдебиет әлеміндегі озық орнын, сыншы болудың салмағын безбендеп берді. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының өкілі Несіпбек Дәутайұлы қаламдас дос жайлы қанатты ойын білдірді. Қоғам қайраткері Ержан Уайс естеліктерге жан бітірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 633 0
ШЫҒАРМАСЫНА ШЫНДЫҚТЫ АРҚАУ ЕТКЕН

ШЫҒАРМАСЫНА ШЫНДЫҚТЫ АРҚАУ ЕТКЕН

«Сыр елі – жыр елі» деген қанатты сөз қашанда өмір шындығымен үндесіп, өзіндік мән-мағынасынан танған емес. Соның бір дәлелі, Арал өңірінің тумасы, қарымды қаламгер Мырзан Кенжебайұлының 70 жасқа толуына орай аймақ басшысы арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсеткен болатын. Шығармашылық әлемінде шындықпен өрілген сыршыл өлеңдерімен танылып, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген азаматты өңір басшысы Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 720 0