Бүгін Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік әскери шеру өтті. Орталық алаңға жиналған қауым елдің айбынын асқақтатып, жаудан қорғаған бабалардың рухына тағзым етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 мамыр 2017 г.
622
0
Қызылорда облысының жастар сяасаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-де Қызылорда облысының Әділет департаментімен ынтымақтастықты дамыту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, шара аясында "Әділеттіктер кеңес береді" атауымен қатысушы жастарға кеңес беру шарасы ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 мамыр 2017 г.
699
0
Мамырдың 6-7 күндері Қармақшы ауданы орталығындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінде 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 72 жыл, 7 мамыр-Отан қорғаушы күні мерекесіне орай самбодан ҚСРО Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы ХХІІ халықаралық мемориал өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 мамыр 2017 г.
826
0
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Саны жағынан жинақы, ұтқыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі жоғары әскер құру керек» деген ұстанымына сәйкес елімізде ұлттық әскердің сапасын арттыруға оң өзгерістер мен тың бетбұрыстар жасалуда. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ерліктеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 мамыр 2017 г.
513
0
9-10 мамырда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстіктен солтүстікке ауысып 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-18, кей жерлерде 10 жылыдан 15-20, кей жерлерде 10 жылыға, күндіз 20-25, кей жерлерде 28 жылыдан 28-33, кей жерлерде 37 жылыға ауытқиды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
07 мамыр 2017 г.
519
0