ҚАЗАЛЫДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІБүгін Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың қатысуымен  Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік әскери шеру өтті. Орталық алаңға жиналған қауым  елдің айбынын асқақтатып, жаудан қорғаған бабалардың рухына тағзым етті.  
Аудан басшысы көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады: «Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл. Бұл еліміздің тарихындағы маңызды белес болып саналады. Дәл осы күні Президенттің Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылған болатын. 
Ширек ғасыр толып отырған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтті. Бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Өсті, өркендеді, осылайша, бүгінгі келбетіне жетті. Бас Қолбасшының қамқорлығының арқасында жауынгерлік қабілеті зор Қарулы күштер еліміздің Тәуелсіздігін қорғау жолында халқымыздың қаһармандық дәстүрін жалғастырып келеді. Қазіргі күні біз еліміздің Қарулы Күштерін Тәуелсіздігіміздің сенімді қорғаны деп мақтанышпен айта аламыз».
Мұнан соң шара концерттік бағдарламаға ұласып, әскери әндер мен билер орындалды. 
Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға қатысушылар мен жиналған қауымғаLED-экран арқылы Астанадағы  «Қазақ елі» алаңында өтіп жатқан әскери шеруден тікелей көрсетілім ұсынылды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 мамыр 2017 г. 622 0