Құрметті жерлестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Саны жағынан жинақы, ұтқыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі жоғары әскер құру керек» деген ұстанымына сәйкес елімізде ұлттық әскердің сапасын арттыруға оң өзгерістер мен тың бетбұрыстар жасалуда. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ерліктеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз.
9 мамыр мерекесі  жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де  батыр бабаларымыздың ұлы ерліктерінің жемісі.  Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Сондықтан, осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
 
Құрметпен, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев   
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 мамыр 2017 г. 513 0