Ертең бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жария етіледі. Бұл туралы ҚР Президенті бүгін отандық телеарналар арқылы арнайы мәлімдеме жасау барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ертең, қаңтардың 31-інде менің халыққа Жолдауым ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Басты тақырып - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталады. Бұл еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілеттілігін арта түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша айрықша мән беретін боламыз. Ал білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 761
0
Бүгін Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қызылорда» жол бойы сервистік кешенінің ашылуы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 191
0
Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғалия Байменова өткен жылы салада атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 122
0
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
981
0
Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Қасен Жүсіпұлы Рахматулин ҰҚК Шекара қызметінің 2019, ҚР ІІМ-нің Ұлттық Ұланы 5547 әскери бөлімдерінің оқу – орталықтарында болды. Мақсаты: Отан қорғаушы сарбаздармен кездесіп, «Прокурор сағаты» аясында дәріс оқу.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
724
0
Қазіргі таңда прокуратура органдарының басымды бағыттарының бірі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарау болып табылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 730
0
Жаңақорған ауданы және Манап ауылдық округінің əкімдері халыққа есеп берді. Кездесу барысында жергілікті полиция қызметінің басшысы Ербол Əлімбетов ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
ҚОҒАМ
30 қаңтар 2017 г.
899
0
Шаңғы спортынан әйелдер арасындағы жеке жарыста отандасымыз Анна Шевченко қола медалге ие болды.Бұл Қазақстан қоржынындағы биылғы Универсиаданың алғашқы медалі, деп хабарлайды Bnews.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 593
0
Бүгін сағат 21.00-де республикалық телеарналар арқылы Мемлекет басшысының арнаулы мәлімдемесі жарияланады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
2 883
0
"Қызылорда кәрістер қауымдастығы" облыстық филиалының ұйымдастыруымен кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 465
0