ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МƏСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПҚАН

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МƏСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПҚАНЖаңақорған ауданы және Манап ауылдық округінің əкімдері халыққа есеп берді. Кездесу барысында жергілікті полиция қызметінің басшысы Ербол Əлімбетов ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ақын Манап Көкенов ауылы - 184 жанұясы, 1166 тұрғыны бар, жұмыссыздық мəселесі шешімін тапқан бірден-бір ауылдық округ. 2016 жылы "Талап бекеті" ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, "Сыбаға", "Құлан" бағдарламасы бойынша жеңілдіктер алды. Сонымен қатар, білім жəне мәдениет саласын қолдау мақсатында ауылдық округке қарасты Бесарық бекетінде 2016 жылы 100 орындық жаңа типтегі мектеп берілді жəне аудан бойынша заманауи типтегі 2 мәдениет үйі болса, бір ғимараты осы ауылдың еншісінде.
ҚОҒАМ 30 қаңтар 2017 г. 875 0