
Шаңғы спортынан әйелдер арасындағы жеке жарыста отандасымыз Анна Шевченко қола медалге ие болды.Бұл Қазақстан қоржынындағы биылғы Универсиаданың алғашқы медалі, деп хабарлайды Bnews.kz.
Бірінші болып мәре сызығына ресейлік Лилия Васильева жетті. Екінші орында тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская. Қола жүлде қазақстандық Анна Шевченкоға бұйырды.
Шаңғы спортынан бақ сынаған өзге қазақстандық спортшылар: Ирина Быкова — 10-шы, Ольга Мандрика — 12-ші, Анна Стоян — 13-ші, Ангелина Шурыга — 18-ші, Анжелика Тарасова — 25-ші болып келді.