Құрметті қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым. Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
4 009
0
Қазір бүкіл әлем түрленіп жатыр. Қазақстан да өзгеруде. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы Тәуелсіздігін жариялаған еліміз бен қазіргі Қазақ елін салыстыруға келмейді. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында мықты президенттік билік қалыптасты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елең-алаң кезеңде билікті бір қолда ұстау керек те болды. Мұны уақыттың өзі талап еткен. Қазір бәрі өзгерді ғой. Еліміздің саяси басқару жүйесі демократиялық бағытта дамып келеді. Қоғамдық ұйымдар, оның ішінде әсіресе, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жоғарылап, белсенділігі күшейе түсті. Осының өзі демократиялық қоғамның сипаттарын көрсетеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
1 820
0
Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі тарихи шешім. Саяси құжаттың мәні – Президент өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді. Бұл құжатта еліміз үшін аса маңызды тағдырлы мәселе ұсынылып отыр. Онда заман ағымына байланысты билік тармақтарының өкілеттіліктерін қайта бөлу міндеті тұрғанын, сол себепті де мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту керек екенін атап өтті. Осы мәселе туралы арнайы құрылған жұмыс тобы атқарған істерді бағамдай келе осындай шешім жасап отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
892
0
Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекетімізді мығымдаудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сондықтан да, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жария еткені бәрімізге белгілі. Бұл кезеңде билік тармақтарының атқарар міндеттеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін өмірдің өзі алға тартуда. Өйткені, биліктің басты міндеті – қоғам, мемлекет пен жеке адамның мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
4 062
0
Кеше Елбасы Н.Назарбаев халыққа билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін жария етті. Президент еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселе ұсынылып отырғанын атап өтті. «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттік басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, байлам жасадым» деді Елбасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
1 336
0
Кеше ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды. Сапар барысында Асқар Мамин Байқоңыр қаласындағы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің құрылысын жүзеге асыру жобасының барысымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
1 388
0
Елбасы арнайы Үндеуімен барша қазақстандықтарға аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынды. Бұл билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу міндетімен байланысты. Күн сайын дамып, жаңарып келе жатқан әлемде өміршең, өзінің ерекшелігімен жұмыс атқаратын саяси жүйе құру уақыт талабы екені белгілі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу арқылы қазіргі президенттің өкілеттілігін бөлу мәселесін алға тартты. Аталған жүйенің жұмыс істеу ұстанымын зерделеуде Елбасының ұйғарымымен арнайы құрылған жұмыс тобы жасақталып, өз есебін берді. Баяндалған реформа екі негізгі бағыттан тұрады. Оның алғашқысы, президент өкілеттілігінің әлеуметтік – экономикалық үдерістерді реттеудегі мәселелерді Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға жүктеуде болса, ал екіншісінде Парламенттің ролін күшейтіп, министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар екінші бағыт бойынша парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл процесс арқылы биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауы күшейтіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
1 441
0
Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болып, облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
1 774
0
Ақпан айының ақырғы жұлдыздары... Сырдың сырбаз табиғаты, ақ қардан аршылып, жұлынған желге омырауын төсеп, опынған күйде...
ТАҒЫЛЫМ
25 қаңтар 2017 г.
2 103
0
Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
814
0