Футболдан IV облыстық чемпионат аяқталды

Футболдан IV облыстық чемпионат аяқталды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен 28 мамыр-17 қазан аралығында әр аптаның  сенбі күндері  Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында  футболдан 4-ші облыстық чемпионат өткізілді. Аталмыш шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 
ДОДА 19 қыркүйек 2016 г. 967 0
8 айда – 121 млн. теңге

8 айда – 121 млн. теңге

2016 жылдың 8 айында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының заңгерлері бизнес өкілдерінің 131 өтінішін қарап, кәсіпкерлердің 121 млн. теңгесін қорғап қалды. Бұл туралы палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қазақстанның Қызылорда облысы бойынша Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты секторының басшысы Дархан Мырзалиев айтты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қыркүйек 2016 г. 734 0
Таласқаннан емес, жарасқаннан жетілеміз

Таласқаннан емес, жарасқаннан жетілеміз

Қазақ хандығының басынан бағы тайып, бодандық бұғауы мойнымызға ілініп, үш жүз жылдай отар болып, ұлт ретінде жойылып кету қаупімен бетпе-бет келіп, арысың атылған, халқың қынадай қырылған қасап заманды бастан өткерген жұртпыз. Құдайдың қалауымен тәуелсіз ел атанып, азаттықтың ақ таңына да жеттік. Міне, биыл бұл мерейлі мезетке де ширек ғасыр толыпты. Бұл шүкір дейтін дүниеміз. «Қилы-қилы заман мен кесірі көп кезеңдерден қалай аман өттік екен» деп ойлайсың. Басты себеп, ұлтымыздың ерік-жігері мен болашақта қазақтың өз қолы өз аузына жеткен азат ел болады деген үмітінде жатса керек. Құр үміттеніп қана қоймай, нақты әрекетке барғанының арқасында осы күнге жетіп отырмыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қыркүйек 2016 г. 726 0
Нәтижені күзде таразылайды

Нәтижені күзде таразылайды

Аймақта бүгінгі күнге кү­ріш дақылының 43608 гектары (54,8%) орылып, 31919 гектары(40,1%)  бас­тырылды және орта өнім гектарына 45,1 центнерден келуде. Егін орағында Сырдария, Жалағаш аудандары көш бастап келеді. Яғни, бүгінгі күні Сырдария ауданы 38395 тонна күрішті қамбаға құйып үлгерсе, Жалағаш ауданы 379222 тонна Сыр саласын жинап алды. Тиісінше қос аудан гектарына орташа 48-46 центнерден өнім жинауда. Диқандар үшін алтын күздің нәтижесі енді басталды. Жылдағыдай науқанды ерте аяқтайтын шиеліліктер жалпы орымның 71 пайызын еңсеріп, күрішінің 65 пайызын бастырып қойды. Қар­мақшы, Жаңақорған, Қа­­залы, Қызылорда диқан­да­ры да 40-60 пайыз ара­лы­ғында күріш орылымын жақындатып келеді. 
ДӘУЛЕТ 19 қыркүйек 2016 г. 895 0
Ауылдың өз бюджеті болады

Ауылдың өз бюджеті болады

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2016 г. 2 852 0
Бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады

Бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады

    Қызылордадағы темір-бетон зауыты биыл өндіріс қуатын 2 есеге ұлғайтты. Кәсіпорын соңғы жылдары материалдық-техникалық базасын жаңғыртып, бәсекеге қабілеттілігін арттырды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық арнасы.     Бүгінде зауытта бетоннан жасалатын өнімнің 120 түрі шығады. Бейнеті ауыр өндіріс орынында 40-қа жуық нәзік жандар ерлермен бірге иық тірестіре жұмыс істеп жүр. Бүгінде зауыт басшылығы жаңашылдыққа бет бұрған. Заман талабына сай бетон өнімін дайындайтын ресейлік қондырғылар орнатылды. Соның арқасында облыста алғаш болып көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік темір-бетон жабындыларын шығаруда. Сырдағы темір-бетон зауытының тағы бір басымдығы мұнда бес түрлі электр бағаналары шығарылады. Айта кету керек, он алты метрлік бағаналар оңтүстік аймақ бойынша тек Қызылордада құйылады. 
ДӘУЛЕТ 19 қыркүйек 2016 г. 704 0