ЭНЕРГЕТИКА КӨКЖИЕГІ

"Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шең­берінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, ма­гистральдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңір­лерінде электр энергиясының, орталық және шығыс об­лыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. "Екібастұз-Семей-Өскемен” және "Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы” бағыттарында жо­ғары кернеулі желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энер­гиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді”. Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауынан.
ҚОҒАМ 29 қараша 2014 г. 1 068 0
ҒАСЫР ЖОБАСЫНЫҢ ҒАЛАМАТ ЖЕМІСІ

ҒАСЫР ЖОБАСЫНЫҢ ҒАЛАМАТ ЖЕМІСІ

2005 жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келгенде алғашқы аялдаған жері Арал қаласы болды. Мемлекет басшысы мұнда қайта жарақтандырылған су құбырының пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Халықты таза сумен қамтамасыз ететін осы нысанды іске қосып тұрған сәтінде Елбасы: – "Мен Аралға көмек көрсетемін деген арманыма жеткеніме қуаныштымын. Осыдан он жыл бұрын мұндай жобаны қиял түрінде ғана көз алдымызға елестетуші едік. Бұл – Арал өңірін экологиялық, әлеуметтік тұрғыдан сауықтыруға бағытталып отырған маңызды жоба. Әрине, мұның барлығы экономиканың өркендеуінің, еңсемізді тіктеп алуымыздың, тәуелсіздігіміздің арқасында мүмкін болды. Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталғанда қосымша 30 млрд. текше метр су айдыны пайда болады. Оның осы өңір халқының тіршілігіне қаншалықты оңды ықпал жасайтынын өздеріңіз бағамдай беріңіздер. Міне, сол шындыққа айналды. Тағы да қайталап айтамын, мен арманыма жеттім. Арал өңіріне жасалып жатқан мұндай қамқорлық еш жерде жоқ екенін ашық мойындауымыз керек. Мемлекет өзінің мүмкіндігі нәтижесінде осындай ірі шараларды жүзеге асыра алды” – деп еді.
ҚОҒАМ 29 қараша 2014 г. 1 132 0
Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі

Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі

Қазақстанның қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі баға жетпес. Бірінші желтоқсанда Қазақстан біздің Ұлы Отанымыздың ең жаңа тарихындағы атақты датаны – жалпыұлттық мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Ол Қазақстанның бүкіл азаматтары мен оның Елбасының бірлігінің символы болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайды.
ҚОҒАМ 29 қараша 2014 г. 1 305 0
PDF 29 қараша 2014 г. 819 0