Қармақшылық Нұртілеу Салықов еңбек жолын қатардағы оқытушылықтан бастап, бертін келе Қармақшы ауданын басқарған басшылардың бірі болды. Жарты ғасырға жуық уақыт осы ауданның комсомол, партия, шаруашылық, Кеңес, әкімдік органдарындағы басшылық қызметте болып, аудан экономикасы мен әлеуметінің артуына өзіндік үлесін қосты. Зейнеткерлікке шыққан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып та жемісті еңбек етті. Қазіргі таңда "Сырдария-мұнай” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компаниясы бас директорының кеңесшісі ретінде ұжым мүшелерінің ауызбіршілігін қалыптастыруға сүбелі үлесін қосып та жүр.
РУХАНИЯТ
25 қараша 2014 г.
1 291
0
Байтақ даламыздың басты байлығы тау тастарында қашап жазылған жазулар екені белгілі. Қазақ даласының қадым заманнан бергі қалың қатпарлы тарихы бар. Есте жоқ ескі кезеңдерде біздің кең-байтақ жерімізді ежелгі адамдар мекен еткен көрінеді. Көне заманның көзі тірі куәсі саналған киелі орынның бірі қарт Қаратау екені белгілі. Ғалымдардың айтуынша, бұл жердегі адамдар бағзы заманнан бері қоныс етіп келеді. Шамамен 500 мың жылдай бұрын осы маңда адамдар тіршілік еткенге ұқсайды. Қаратау қойнауында тасқа салынған суреттер жетіп-артылады.
ТАНЫМ
25 қараша 2014 г.
2 536
0
ХVII ғасырдың екінші жартысы мен ХVIII ғасырдың басы қазақ халқының гүлденген әрі әлеуметтік мерейі арта түскен айрықша бетбұрыс кезең болғаны белгілі. Бұл жайдан-жай болған жоқ еді. Бас-аяғы 40 жылдай ел басқарған, қабілет-қарымы жеткілікті, көреген саясаткер, дана дипломат Тәуке хан мемлекеттік билікте халықты ұйыстыру, қоғамда ұжымдық сананы қалыптастыру үшін дала демократиясының мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Мұның айқын көрінісі – Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты ұлы билерді ұйымдастырып, билер кеңесін дәстүрге айналдырды. Бұл кейінгі талай ұрпаққа «Жеті жарғы» тәрізді құқықтық мұра қалдырған хандық-мемлекеттік биліктің бір тармағы – қазақтың тұңғыш парламенті деуге болатын еді.
ТАНЫМ
25 қараша 2014 г.
2 272
0
Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында жергілікті басқаруды дамыту, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуде азаматтардың қатысуын кеңейту маңыздылығын атап өтті. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашасындағы №438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді. Онда жергілікті басқару жүйесін қалыптастыру екі кезеңде қаралған. Бірінші кезеңде (2013-2014 жылдар) басқарудың төменгі деңгейінде қолданыстағы жүйе потенциалын кеңейту бойынша шаралар және басқару механизмін практикалық өндеу және қаржыландыру жүзеге асырылған. Бұл алдағы уақытта жергілікті басқаруды дамытуда базалық алғышарт болып табылады. Екінші кезеңде (2015-2020 жылдар) жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіне шек қою мәселесі қаралған, бюджетті қалыптастыру және басқару органдарының меншігі мәселелері, сонымен бірге ауылдық округ деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті оңтайландыру қаралған.
АҚПАРАТ
25 қараша 2014 г.
1 172
0
"Қазақстан ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі. Сондықтан аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. "Елдің өркенін білгің келсе, жолыңа қара” деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен”.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 921
0
Жаны жарқын, көңілі дархан Сыр елінің халқы Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес. Тарихымыздың талай қатпарларын қойнына басып жатқан Сырдария сырлары кімді болса да елең еткізетіні белгілі. Содан да болар, "Алаштың анасы” деп бағалағаны. Елбасы әрдайым Сырға назар салуы жігерімізді жанып, бәрімізді жаңа белестерге жетелейді.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 164
0
Елбасының бастамасымен қолға алынған "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу” жобасы – ғасыр жобасы. Теңіздің қазақстандық бөлігін сақтап қалуда теңдессіз іс жүзеге асырылуда.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 023
0
Қолымыздағы бұл суретте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылорда облысынан шыққан Еңбек Ерлері Шырынкүл Қазанбаева мен Жадыра Таспанбетова, Сәлима Жұмабековамен әңгімелесіп тұрған сәті бейнеленген.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 104
0
Нұрсұлтан күнделікті жұмысына асығады. Айналасындағылармен етене араласып, емен-жарқын сөйлеседі. Құрдастары ойын-шынын араластыра "Президенттің аттасы жетерлік, алайда, сен секілді үлкен кісінің шапағатын көргені кемде- кем” деп үнемі еске салып отырады. "Балдырғандай әжесі болмағаны үшін өздері кінәлі” дейді Нұрсұлтан да есесін жібермей. Әжесі еске түссе, бойын тәтті сағыныш кернейді. Әжесі қандай еді?! Талайды өзінің адал да тындырымды еңбегімен, тура айтар мінезімен таңдандырған Елбасының атын иеленіп, әжесінің тәрбиесін көрген Нұрсұлтан Әбілдаев әркез өзіне қадірлі болған осы екі жанның, ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтауға ұмтылады. Мектепте де, жоғары оқу орнында да осы міндетті орындауды басты қағидасына айналдырды. Өткенде Астанадан жоғары көңіл күймен оралды. Елбасының қолтаңбасы қойылған "Президент пен Перзент” атты кітапты иеленді. Оның ішінде Елбасының шапағатын көрген, оның атын иеленген жандар туралы, олардың қазіргі өмірі мен қызметі туралы мағлұмат берілген. Нұрсұлтан Алтынбекұлы көркем безендіріліп, сапалы басылған кітап ішінен өзі туралы да оқып, бір марқайып қалды.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
1 184
0
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 24 қарашадағы бағамы ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
ҚОҒАМ
25 қараша 2014 г.
905
0