« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
екінші кезеңі басталады
Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында жергілікті басқаруды дамыту, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуде азаматтардың қатысуын кеңейту маңыздылығын атап өтті. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашасындағы №438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті басқаруды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді. Онда жергілікті басқару жүйесін қалыптастыру екі кезеңде қаралған. Бірінші кезеңде (2013-2014 жылдар) басқарудың төменгі деңгейінде қолданыстағы жүйе потенциалын кеңейту бойынша шаралар және басқару механизмін практикалық өндеу және қаржыландыру жүзеге асырылған. Бұл алдағы уақытта жергілікті басқаруды дамытуда базалық алғышарт болып табылады. Екінші кезеңде (2015-2020 жылдар) жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіне шек қою мәселесі қаралған, бюджетті қалыптастыру және басқару органдарының меншігі мәселелері, сонымен бірге ауылдық округ деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті оңтайландыру қаралған.
Жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа нәтижесінде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және деңгейлер арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша шаралар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдерінің ролін әрі қарай күшейту, реформа жүргізу барысында мемлекеттік басқаруды орталықтан төменгі деңгейге беру басымды бағыт болып отыр. Ауыл әкімдеріне дербестік бере отырып, бірінші кезекте мемлекет елді мекендердің аумақтық дамыту мәселесін шешуде басшылардың жауапкершілігін күшейтеді.
Ауыл әкімдері мемлекеттік функцияларды орындағанда халықпен тығыз байланыста болуы қажет. Еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды және ең бастысы бюджет қаражаттарын пайдалануда анықтылықты қамтамасыз ету талап етіледі. Жалпы экономиканы дамытудағы ауылдық округ әкімдерінің дербестігі, олардың ролі, бюджет заңнамаларында және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерде өз көрінісін тапты. Жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту және өзін-өзі басқару шегінде 2013 жылдан бастап ауыл әкімдеріне бірқатар қосымша маңызды функциялар берілді. Қазіргі таңда, ауыл әкімдеріне жүктелген 67 функцияны іске асыру мақсатында 17 бағыт қызмет етеді. Үстіміздегі жылдың мамыр айында жергілікті басқару және өзін-өзі басқару заңын іске асыру мақсатында жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты – ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттіктерді беру бойынша әдістемелік жұмыс жасау, сонымен бірге қолма-қол бақылау шоттарын енгізуді қамтамасыз ету. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүлікті беру жұмыстарын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыруды ауылдық округтеріне өткізу, қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді ауыл әкімдерінің құзыретіне беру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандар және Қызылорда қаласы әкімдеріне «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңын іске асыру бойынша ұсынылатын қадамдық іс-шаралар жоспары жолданды. Ең маңызды бағыттардың бірі – жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол бақылау шоттарына түскен қаржылар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру және қызметтердің аудандық деңгейден ауылдық және кенттік деңгейіне беру.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шоттары барлық 146 ауылдық әкімдіктерде, оның ішінде 132 ауылдық округ, 12 кент, 2 аудандық маңызы бар қала. Барлық шығыстарды аудандық деңгейден ауылдыққа беру бойынша жұмыстар аудандар және Қызылорда қаласында аяқталды.
2015 жылдан бастап жергілікті басқаруды дамытудың екінші кезеңі (2015-2020 жылдар) бойынша жұмыстар басталады. Жергілікті басқару бюджетін және жергілікті басқару меншігін қалыптастыруға байланысты, жергілікті басқарудың өкілетті органын құру бойынша мәселелер талқыланатын болады.
Ж.БЕКЖАНОВА,
облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |