Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттауды жандандыру, тілге шешен, ділмар азаматтарды анықтау мақсатында өткен «Кәнеки, тілім, сөйлеші» республикалық байқауында әріптесіміз, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі, ақын Тұрарбек Бекмырзаев бас жүлдені иемденді.
АҚПАРАТ
26 тамыз 2014 г.
756
0
Сыр елі – талай-талай ән мен жыр сүлейлері мен арқалы ақындар мекені. Күрішті де ырысты Жалағаш өңірі де өлең, жырдың өресін ұзартып, өркен жайдырған қарымды қаламгерлерге кенде болмаған. Солардың бірі де бірегейі, өлең өлкесінде өзіндік өрнегін қалдырған ақын Мәлік Аяпов десек, асыра айтқандығымыз болмас.
РУХАНИЯТ
26 тамыз 2014 г.
1 544
0
Мектеп оқушыларының жазғы каникул күндерін көңілді әрі мазмұнды етіп өткізу сала мамандарының басты міндеті болып табылады. Бұл – әуел бастан қалыптасқан үрдіс. Биылғы маусымда облыс көлемінде 9 демалу-сауықтыру лагері жұмыс істеді. Олардың көпшілігі алдын ала күрделі жөндеуден өткізіліп, жазғы маусымға әзір етілді.
ҚОҒАМ
26 тамыз 2014 г.
933
0
Академик Бірлесбек Әлияров елімізде күрделі сала қатарынан орын алатын техника ғылымының аса білгір маманы саналады. Ол ғылым саласында көптеген жаңашыл бастамаларды қолға алып, білгір бұл жобалар мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Бірлесбек Қаниұлы Әлияров – физик-аэродинамик, энергетик, техника ғылымдарының докторы (1984 ж), профессор (1992 ж), ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті (1994 ж), академик (2003 ж), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1995 жылы Оксфордтың энергетика, экология және экономика саласы бойынша диплом алған.
ТАҒЫЛЫМ
26 тамыз 2014 г.
1 271
0
Кеңес жүйесі тараған соң, 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз қазақ мемлекетінің тұңғыш Конституциясын Жоғарғы Кеңес бірауыздан қабылдады. Ал, 1995 жылы 30 тамызда Бүкiлхалықтық дауыс беру негiзiнде қазіргі қолданыстағы Конституция қабылданды. Еліміздің соңғы 19 жылда жеткен жетістіктері осы Конституцияның және оның негізінде қабылданған заңнаманың нақты нәтижелері.
ҚОҒАМ
26 тамыз 2014 г.
1 404
0
Зырлап өтіп бара жатқан уақыт емес пе, газет тапсырмасымен үлгілі шаруа қожалықтарының бірі саналатын «Сейтжанов» шаруа қожалығының дала қосына алғаш барғанымда 2001 жылдың күзі еді. Шиелі ауданының Ақтоған ауылынан қырық шақырымдай егістік алқапқа «УАЗ» көлігімен зорға жеткенбіз. Жолы да ойқы-шойқы, тәуір жол тереміз деп бірде канал жағалап, бірде төменнен сүрлеу іздеп әуре болғанымыз да есімде. Бұрқыраған шаң. Сол кездегі аудан әкімінің ауылшаруашылық жөніндегі орынбасары Мұхамеджан Сүйіндіков осылай итшілеп жүріп, жол бастап дала қосына апарып еді. Содан бері де он үш жылдың өте шыққаны ғой.
ҚОҒАМ
26 тамыз 2014 г.
1 005
0
Елбасымыз Н.Назарбаев: "Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері іргелі істерге толы тағылымды жолдан өтті. Осы уақыт ішінде біз қарқынды, дамыған елге айналдық. Шикізаттық артықшылығымызды пайдаланып, өңдеуші секторды белсенді дамыттық. Біздің мемлекетіміз шетел инвесторларын әрдайым қолдап отыр. Соның арқасында елімізге 170 миллиард доллардан астам тікелей шетел инвестициясын әкелдік. Экономикамызға салынған бұл қаржы ел үшін де, инвесторлар үшін де пайдалы болды” деп атап көрсеткен болатын.
АҚПАРАТ
26 тамыз 2014 г.
790
0
Қызылордада 300-ден астам үкіметтік емес ұйым белсенді қоғамдық қызмет атқарады. Аймақта барлығы 690 үкіметтік емес ұйым бар. Оның барлығы жақсы жұмыс істемейді. Дегенмен, жыл сайын ондаған маңызды жобаны жүзеге асырып, халықаралық ұйымдардың гранттарын игеретін ұйымдар бар. Олардың саны 300-ден асады.
АҚПАРАТ
26 тамыз 2014 г.
757
0
Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Бұл – ата-ана үшін қарбаласқа толы сәт. Бар ықыласын салып, баласының мектепке сақадай сай болып баруы үшін қолдан келгенін жасауда. Ал, базарға бағыт бұрсаңыз, мектеп формасы мен оқу құралдары самсап тұр. Оқушыға қажеттінің бәрін табуға болады. Бірақ қаражаты да қалта қағарлық. Сонымен балаңыз мектепке дайын ба?
ҚОҒАМ
26 тамыз 2014 г.
1 013
0
Елдегі еңбекші қауым үшін сындарлы сәт туды. Еселі еңбектің өтеуі қайтатын уақыт келді. Облыстың бірқатар шаруашылықтары пісіп тұрған егіске орақ сала бастады. Осындай жауапты кезең алдындағы диқандар тіршілігі қалай болып жатыр? Облыс диқандары биыл мол өнімге негіз қалауға үміттенеді. Олай боларлық жөні де бар. Диқандар биыл егіске ерте қимыл жасады. Осының нәтижесінде егіс уақытылы егілді. Оларды күтіп-баптау шараларына да баса назар аударылды.
АҚПАРАТ
26 тамыз 2014 г.
845
0