ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

Шиелі ауданы аумағында болған жол-көлік оқиғасынан 10 адам қаза тап­ты. Төтенше жағдай 7 мамыр күні таңғы сағат 9-дар шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  тас жолының Ши­елі ауданы, Тартоғай елді мекені маңында орын алған.
АҚПАРАТ 12 мамыр 2014 г. 1 520 0

АТ ТҰЯҒЫН ТАЙ БАСАР

Мақаламызды осылай бастауымыздың мәнісі бар. Әңгімеміздің кейіпкерлері – спортшылар әулетінің мүшелері. Ағайынды Берік, Мұқағали Сансызбаевтардың есімдері аудан тіпті облыс жұртшылығына жақсы мәлім. Ал, олардың әкесі Серік ағамыз футбол десе, ішкен асын жерге қоятын, майталман спортшы еді. Амал жоқ, өткен шақпен сөйлеуге мәжбүрміз. Сәкең өмірден ерте кетті. Алайда, оның сүйікті кәсібін көзінің қарашығындай қос құлыны жалғастырып келеді. Әрі табыссыз емес.
ҚОҒАМ 12 мамыр 2014 г. 1 097 0

СОЛТҮСТІК АУДАНДАР СЕРПІНДІ ДАМУЫ ТИІС

Сенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  жұмыс сапарымен Арал, Қазалы аудандарында болды. Аймақ басшысы Аралда «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысудан бастады.
БИЛІК 12 мамыр 2014 г. 1 157 0

ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

9 мамыр күні Шиелі ауданындағы «Тағзым» алаңында Жеңіс күні атап өтілді. Ұлы Жеңістің 69-жылдығымен ау­дан тұрғындарын аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құттық­тады. Сондай-ақ, соғыс жылдарында қайтыс болған батыр­ларымызға арнап құран оқылып, "Тағзым” алаңындағы Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шара соңы ардақты ардагерлеріміздің құрметіне арналған мерекелік дастарханға ұласты.
АҚПАРАТ 12 мамыр 2014 г. 1 029 0

ЕРЛІК ІЗІ ӨШПЕЙДІ

Майдан даласында қалған қаншама қыршындардың қанымен, ботасынан айырылып, бозінгендей боздаған ақ шашты ана мен қасіретті әкенің, жесір келін мен жетім баланың көз жасымен келген  Ұлы Жеңіс мерекесін қала ардагерлері лайықты атап өтті.
ҚОҒАМ 12 мамыр 2014 г. 1 294 0

КУРСК ШАЙҚАСЫНЫҢ КУӘГЕРІ

Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Курск шайқасының көзі тірі куәгері Әбдірахман Бәйтіковтің отбасында болып, Жеңіс күнімен құттықтады.
ҚОҒАМ 12 мамыр 2014 г. 1 209 0

ТӨРТ ОЙЫННАН ОН ҰПАЙ

Қызылорданың «Қайсар» командасы соңғы төрт ойыннан 10 ұпай жинады. Жерлестеріміз үш ойында жеңіске жетті. Бір ойында тең түсті. Соңғы турда олар Талдықорғанда «Жетісуды» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
ДОДА 12 мамыр 2014 г. 1 073 0
ҚАЙРАТКЕР ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҚАЙРАТКЕР ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Өткен бейсенбіде облыс орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Тәкей Есетовтің 90 жылдығына арналған еске алу шаралары өтті. Алдымен №264 мектеп-лицейге оның есімін беру және ескерткіш бюсін ашу салтанаты болды.
ҚОҒАМ 12 мамыр 2014 г. 1 158 0

АЙМАҒЫМЫЗҒА АСТАНА МЕН ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ КЕЛДІ

Жуырда Астана мен Қазақстан митрополиті, митрополиттік аймақ басшысы Александр Владыка Сыр өңірінде болды.
АҚПАРАТ 12 мамыр 2014 г. 656 0

ӘСКЕРИ ШЕРУДІ ТАМАШАЛАДЫ

Мамыр айы мерекеге толы. Сол мерекелердің бастысы Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні. Осы қос мерекеге орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы "Гранд Плаза” мейрамханасында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап мерекелік дастарқан жайып, сый-сияпат көрсетті. Соңынан мерекелік шараға қатысушылар Астана қаласында өткен әскери шеруді тамашалады.
АҚПАРАТ 12 мамыр 2014 г. 1 113 0