« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Арал, Қазалы аудандарында болды. Аймақ басшысы Аралда «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысудан бастады.
Қорықта израильдік технологиямен әзірленетін көгалдандыру шарасы қолға алынуда. Толық жүзеге асқанда жергілікті жағдайға қолайлы су сақтау технологиясының түрлі формаларын (тамшылатып суару, ылғалды көлдетіп жинақтау, егістік жерлерді сатылау) енгізуге, аумақтық кластерлер теңіздің кепкен табанына, қалада, ауылдық округтерде екі қатарлы қорғауыш «жасыл белдеу» құру арқылы ағаш өсіруді жетілдіруге, озат үрдіспен сапалы топырағы бар контейнерлерде, көшеттерде, топырақ қабатын картографиялау негізінде орман отырғызу учаскелерін таңдауға мүмкіндік туындайды. «Ол үшін «Барсакелмес» орталығына жеміс-жидек дақылдарын, тәжірибелік орман тәлімбағын қоса алғанда тоғайлық және бұталы өсімдіктер өсіруге учаскелер бөлу қажет» дейді мамандар. Нақты кезеңде «Барсакелмес» қорығында жоғары санатты 298 түрлі өсімдік бар. Олардың әлденеше түрі еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген.
Келесі кезекте Қырымбек Елеуұлы бастаған топ Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында орналасқан тест орталығына аялдады. Орталықта байқау сынағы жүріп жатыр екен. Аудан көлеміндегі мектептерден 508 түлек ҰБТ-ға қатыспақшы. Тест орталығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Биылғы жылы 350 мектеп бітіруші түлек Жаңақорғанның «Талдысу» лагерінде ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізіпті. Сондай-ақ, түлектерге облыс әкімдігі тарапынан сынаққа қажетті дайындық кітапшалары тегін таратылып беріліпті. Жағымды жаңалық. Мектеп бітірушілермен, ұстаздармен пікірлескен облыс әкімі алдағы сынақта сәттілік тіледі.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан активімен кездесті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы жасаған хабарламасында аудан басшысы Мархабат Жайымбетов атқарылған істерді, алдағы межелерді толыққанды атап өтті. Сонымен қатар, аудан көлемінде шешімін күткен мәселелер жайлы ұсыныстарын да ортаға салды. Жиыннан соң облыс әкімі жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Сапар барысында Қырымбек Елеуұлы Қамыстыбас елді мекенінің маңында бой көтеріп жатқан 100 орындық пансионат құрылысында болды. Көлдің батыс жағалауында пансионат-профилакторий құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 450 млн. теңгені құрайды. Тапсырылу мерзімі маусым айына белгіленген. Профилакторий жатын, емдеу-профилактикалық корпус, асхана, баскетбол, теннис, шағын футбол алаңы, көлік тұрағы тағы басқа да бөліктерден тұрады. Оған қоса балшықпен, электр жарығымен, сумен емдеу, жүзу бассейні, ресторан, конференц залы, тынығу бөлмелері, басқа да қызмет түрлері көрсетіледі. Нысанды «Саутс-Ойл» ЖШС жүргізуде. Құрылысшылармен жүздескен облыс әкімі жұмыс сапасына мән беруді тапсырды. Оқушыларды жазғы демалыспен қамту, сауықтыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту тұрақты күн тәртібіне қойылған. Осы маңдағы «Ұландар» лагері кезінде асар әдісімен салынған-ды. Ағымдағы жылы лагерьде төрт аусымда балалар демалады деп жоспарлануда. Тынығушылар жалпыға бірдей білім беру қорынан, мектептің кәсіподақ ұйымынан қаржыландырылады. «Қамыстыбас демалыс аймағы» жобасы көпшіліктің қызығушылығын туындатуда. Көлге демалыс күндері ауданынан тіпті көршілес облыстардан келген тынығушыларды көре аласыз. «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізіне жақын жерге орналасуы демалыс аймағының басты артықшылығы. Жобаны іске асыруға бөлінген аумақтың көлемі 494 га.-ны құрайды. Салынатын нысандар, инженерлік комуникациялық инфрақұрылым жүргізуге көлемді қаржы қажет. Осынау жайттар облыс әкімінің назарынан қалыс қалмады.
Түс ауа Қырымбек Көшербаев Қазалыда аудан активімен кездесу өткізді. Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Бақыт Жаханов хабарлама жасады. Кездесуде атқарылған жұмыстармен қатар, алдағы межелер баяндалды. Мұнан соң облыс әкімі №249 мектеп-лицейдегі «Ұлттық тестілеу орталығында» болды. Ағымдағы жылы 607 түлек ҰБТ тапсыруға тілек білдірген. Ай сайын байқау тест қортындысымен сараптама жасалады. Аудан бойынша 24 «Алтын белгіге», 7 «Үздік аттестатқа» үміткер ұсынылыпты. Аудиториялар лайықты жабдықталған. Ұялы байланыс телефондарын тұншықтыру, металл іздегіш құралдар, бейнебақылау камераларымен қамтылған. Қырымбек Елеуұлы алдағы сынаққа сәттілік тілеп, лебізін білдірді.
Қазалы қаласындағы «Шағала» БСДО-да болған сәтінде облыс әкімі тазалық, қауіпсіздік шараларының мүлтіксіз орындалуын тапсырды. Орталық аумағында жатақхана, асхана, медпункт, жаздық клуб, басқа да нысандар бар. Биыл балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатындағы ағымдағы жөндеуге, шаруашылық заттарына аудандық бюджеттен 1300 мың теңге қаралған. Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шалғайдағы Ажар елді мекеніне тікұшақпен ұшқан облыс әкімі ауылдық округтің даму барысымен танысты. Жел электрстанциясы жанында елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз ету жайын талқылауға қатысты. Ажар ауылы әлеуеті төмен санаттағы елді мекендер қатарына енгізілген. Мұндағы жел-электр станциясы жарамсыз күйде қалған-ды. Жыл басында ауылды электрмен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 1,6 млн. теңге бөлініп, дизельді генератор сатып алынған екен.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал, Қазалы аудандары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |