ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

Шиелі ауданы аумағында болған жол-көлік оқиғасынан 10 адам қаза тап­ты. Төтенше жағдай 7 мамыр күні таңғы сағат 9-дар шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының Ши­елі ауданы, Тартоғай елді мекені маңында орын алған. Оңтүстік Қа­зақстан облысына қарай бет алған жо­лаушылар мінген «Мерседес Сприн­тер» шағын автобусы мен Қызылорда қаласына қарай қарсы бағытта келе жатқан «Тойота Ланд Крузер Пра­до» автокөлігі соқтығысқан. Мәлімет бойынша екі көлік­те барлығы 19 адам болған. 10 адам оның ішінде қос көліктің жүргізушілері де қай­тыс бол­ған. Ауыр жараланған 6 адам аудан­дық ауруханаға, екеуі облыстық медицина орталығына жедел жеткізілді.

Көлік апаты туралы ақпарат ке­ліп түскен бетте оқиға орнына бір­ден құрамында нейрохирург, трав­матолог, хирург және басқа да дә­рі­герлер бар 2 облыстық және 2 ау­­дандық реанимобиль барды. Бұ­дан бөлек апат орнында төтенше жағ­дайлар департаменті мен ішкі іс­тер департаментінің мамандары жә­не техникалары жұмыс істеуде. Об­лыс әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев және Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев оқиға орнына барып, тиісті орган басшыларының қатысуымен шұғыл штабтың отырысын өткізді.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, себептері анықталу үстінде.

***

Орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Қызылорда облысында 8-ші және 10-мамыр аралығында өтетін бұқаралық көңіл көтеру шаралары шектеу қойылды.

 

Қызылорда облыстық

ІІД баспасөз қызметі.

АҚПАРАТ 12 мамыр 2014 г. 1 514 0