Нұрмұрат ЕРМАНОВ, облыстық мәслихат депутаты: АУЫЛДА ТРАКТОР ЖҮРГІЗЕТІН ЖАС ҚАЛМАЙ БАРАДЫ

«...Посткеңестік мемлекеттер арасында біздегідей мүгедектерге барынша қамқорлық танытып, олардың қоғамға бейміделуіне жағдай жасап отырған мемлекет кем де кем. Бірақ, осы бастамаға қолдау жасауға тиістілер әлі де самарқау. Осыдан да жақсы іс игілікке айналмай отыр» – деп бастады депутат әңгімесін. 
ҚОҒАМ 21 желтоксан 2013 г. 1 701 0

БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті. 
ҚОҒАМ 21 желтоксан 2013 г. 66 392 0

ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ СЫР ҚОЙНАУЫ

Жуырда Студенттер сарайында облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда мемлекеттік университеті және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының  ұйымдастыруымен «Ежелгі және ортағасырлық Сыр өркениеттері» атты халықаралық тәжірибелік конференция болып өтті. Оған Ресей ҒА-ның  Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы «Этнология және антропология» институтының бөлім меңгерушісі И.А.Аржанцева, Новосибирь «Геология және минерология» институтының аға ғылыми қызметкері С.К.Кривоногов және отандық археолог-ғалымдар қатысты. 
АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 1 284 0

МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК РЕФОРМАЛАРЫ

Еліміз егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен бірқатар экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Сол елімізді реформалау бағытындағы бірден-бір негізгі кезеңдердің бірі мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бағдарламасы болды.   
АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 7 562 0

КЕЛЕШЕККЕ ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНМЕН

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп жас ұрпақтарға ұлағатты сенім артқан еді. Әрине, мемлекетіміздің кемел келешегі мен баянды болашағы бүгінгі өскелең ұрпақ – жастарымыздың қолында десек, бұл орайда мемлекет тарапынан жастардың өз қабілет-дарынын дамытуға бар мүмкіндік жасалып жатқаны ақиқат. Жалпыұлттық жобалар ретіндегі «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Ауыл жастары», «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясы мен өзге де бағдарламалар соның айғағы.
АҚПАРАТ 21 желтоксан 2013 г. 1 504 0

АУЫРЫН АРҚАЛАП, АУЫЛЫН ТҮЛЕТКЕН

Батыстан түрілген қара бұлт бейбіт елдің аспанынан қорғасын боп жауған Отан соғысының отты жылдары Шиелідегі Бидайкөлдің біраз азаматтары да майданға аттанды.   Кемпір күрек, шал кетпен ұстап, бала ойнамаған ауылдың жай-күйін сол күнді көрген адамдар ғана айтсын. Басыңа тартсаң, аяғың ашық қалатын жылусыз көрпедей күндердің қиындығын көріп өскен Манап та осы ауылдан соғысқа алынды. Қияметтің қызыл шоғындай ерсілі-қарсылы зулаған оқтың өтінде жүріп, ауыр артелерия бөлімшесін басқарды. 
ҚОҒАМ 21 желтоксан 2013 г. 1 158 0

ҚАЙРАТКЕР

«Алтын тоның болғанымен, жағасы мен жеңі қымбат, қанша батыр болсаң да, халқың менен елің қымбат». Осы бір мәтелдің мағынасына зер салып, ойланып көрсең, «Байлықтың бір жұттық, батырдың бір оқтық» екендігін білдіреді. Ел ішінде туған жұрты мен халқының қадірін білетін,  елін нағыз батырларша сүйе алатын атпал азаматтар аз емес. Солардың бірі Бегалы аға туралы аз-кем білетіндерімді оқырмандарға жеткізуге асықтым.
ТАҒЫЛЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 639 0

ЗАРҚҰМ

Кеңестік жүйе алғашқы 20 жылда бірнеше толқын репрессия жүргізіп, ұлт зиялыларының басым көпшілігінің көзін жойғаны тарихи ақиқат. Ел басына түскен зобалаң-нәубеттің ең алғашқы құрбандарының бірі қоғам дамуына қатысты өзіндік қөзқарасы болған Зарқұм Қуанышұлы (1865-1918жж.) еді. 
ТАҒЫЛЫМ 21 желтоксан 2013 г. 2 053 0

“КҮМІСАЙ" ӘНІНІҢ ТАРИХЫ

Сыр сүлейлері шоқтығының көрнекті өкілі, атақты жырау, ақын әрі сазгер, Тұрымбет  Салқынбайұлын өзінің сенімді ізбасарларының бірі  Балқашбай Жүсіпов кезінде халыққа кең тараған бір термесінде: «Тұрымбет – ән атасы Кіші жүзде, тоғытқан әннің кесте көп өрнегін» деп ерекше бағалаған. Менің  өз басым Тұрымбет жыраудың  мақамдарын, әсіресе, өзгеше мәнермен орындалатын «Күмісай» әнін жыраулық, әншілік  репертуарымның басты арқауы санаймын. Бұл кісінің әндерін біз бала жастан жаттап өстік. Шіркін, Тұрекеңнің «Күмісай» әні бір керемет дүние ғой! – деген-ді бірде Қармақшыда өткен   бір әдемі кеште Алмас жырау тебірене  сөйлеп.
ТАНЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 965 0

1916 ЖЫЛ

Сыр саңлағы, толқынды аққан дария суындай жырдан бастау алған әрі ақын, әрі жырау, орысша, қазақша, арабша сауатты Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы өмір сүрген кезең Ресейдің отаршылдық саясатының кең өрістеген, сұлтандық пен болыстық жүйенің, қазақ елі арасында ру тартысының қанат жайған уақытымен тұстас. Қаңлы Жүсіп 1916 жылғы оқиғаға байланысты өз жүрегінен шыққан «1916 жыл» деген толғау-термесінде патшаның 1916 жылғы 28 июньдегі жарлығына бүкіл елмен бірге өз қарсылығын білдіріп, ақ патшаның озбырлық саясатын ашық көрсеткіндігін суреттейді. Мұсахан ӘБДІҚАДЫРОВ.
ТАНЫМ 21 желтоксан 2013 г. 1 449 0