ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен жүздеген шәкірт тәрбиелеген белгілі педагог Нағима Ахмадееваның 100 жылдығына арналған кеш өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Астана қаласындағы «Таң» татар-башқұрт орталығының жетекшісі Рафик Валиев, білім саласының ардагерлері, этномәдени бірлестіктің мүшелері және  шәкірттері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 585 0
Нұрсұлтан Назарбаев Наурызға арналған мюзиклді тамашалады

Нұрсұлтан Назарбаев Наурызға арналған мюзиклді тамашалады

Астанадағы Конгресс орталығында Наурыз мейрамына арналған "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" атты жаңа мюзикл қойылды. Мерекелік шараны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 718 0
Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды

Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды

Қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов дүниеден озды. Ерімбетов ем қабылдау үшін Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жатқызылған болатын. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 649 0
Қазақ тіліндегі ең ұзын сөз қандай?

Қазақ тіліндегі ең ұзын сөз қандай?

Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде орнығуына қарсы адамдардан "Қазақ тілі қолдануға ыңғайсыз. Сөздері қолдан жасалған, тым ұзақ" деген сияқты пікірлерді талай естіп жатамыз. Осыған орай ма, басқа ма, әйтеуір ғаламторда қазақ блогшыларының "Қазақ тіліндегі ең ұзын сөз қандай?" деген дауына тап болдық. Кей адамдар "ең ұзыны" ретінде "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» атты сөзді ұсыныпты. Қарап отырсақ, аз емес екен: 33 әріп. Енді біреулер оның түк емес, дәл сондай әріптен тұратын "зарасыздандырылмағандықтарыңызбен" деген де сөз бар деп бөсіп отыр. Техникаға жақын біреулер шетелдің сөздерін алып келсек одан да ұзын сөз құрастыруға болады деп дәлелін алдыға салыпты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 617 0
ЯПЫР-АЙ!  НЕТКЕН КӨКТЕМ! КӨКТЕМ! КӨКТЕМ!

ЯПЫР-АЙ! НЕТКЕН КӨКТЕМ! КӨКТЕМ! КӨКТЕМ!

 Міне, ұлы мереке – әз Наурыз есік қағып тұр. Бұл көже ішіп, аяқ босатар жай мереке емес, алдағы күнге үміт артар, әрекет арқылы берекет іздер еңбек мерекесі, бақытты өмірге қадам жасар батылдық мерекесі! Бұл туысқа мейір, ұлысқа мерей сыйлайтын мереке! 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 860 0
Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз туралы қызықты деректер

Астрономиялық есеп бойынша наурыз айының 21-інен 22 жұлдызына қараған түні аспан денелері өзінің алғашқы айналу нүктесіне қайта айналып келеді екен. Сонда күн мен түн, ыстық пен суық, қараңғы мен жарықтың теңелетін жаратылыстың керемет сәтінде Наурыз кіреді. Неге «Әз наурыз»? 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 778 0
ҒАСЫРДАН ҰЗАҚ ҒҰМЫР

ҒАСЫРДАН ҰЗАҚ ҒҰМЫР

 Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын ел арасында мерекеге дайындық қызу жүргізілді. Үлкен де кіші де көтеріңкі көңіл-күй жетегінде атаулы күнді ақ тілегімен қарсы алуға қарбаласып жүр. «Қарттың батасы қабыл» деген ғой, Аралқұм елді мекеніне хабарластық. Неге деймісіз? Осынау тіршілігі қазандай қайнаған, берекелі де құтты қоныста Тәжігүл Еңсепова (құжат бойынша Ензепова) есімді абыз әже тұрады. Бір әулеттің ғана емес, тұтас ауылдың анасы атанған, бүгінгі таңда 102 жастағы Тәжігүл әже теңіз төскейіндегі ең жасы үлкен адамның бірі саналады. Өзінің ғибратқа толы ғұмырының жүз екінші көктемін қарсы алып отырған әжеміз әлі тың. Аллаға шүкір, әлі күнге құлағы айтқан сөзді қалт жібермей естіп, жанары жарық ғаламды көріп, пікірін нық түйіндеп жеткізіп, далаға өзі кіріп-шығады. Мұны білгенде кеудемді «неткен асыл сүйекті адам!» деген сүйсіну сезімі биледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 652 0
Бизнеске ұштасқан ұлттық бренд

Бизнеске ұштасқан ұлттық бренд

Ұлттық бренд – ұлттың ерекшелігі, қайталанбас дүние, өткеннің өміршеңдігі, жаһандану заманында жаңғырудың өзегі. Кез келген елдің ұлттық бренді сол мемлекеттің танылуына, туризмнің артуына, сол арқылы ішкі экономикасының дамуына ықпал етеді. Қазақстан туризмін дамытудың бір жолы ­– ұлттық дүниелерді таныту. Елімізде туризм дамуы бәсең әрі өзекті сала. Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2017 жылы қаңтар-маусым айларында туристік мақсаттаҚазақстанда 3,6 млн адам келген. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға артқан. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 773 0
Текті өнерді түлеткен

Текті өнерді түлеткен

 Қазақ халқы бүркітті киелі құс санаған. «Бүркіт бір сілкінсе мың пәле кетеді» деп есептейді және оның қауырсынын қасиетті зат санап, биікке іліп қояды. Жаңақорған ауданының Келінтөбе ауылында тұратын Ерболат Әлиевке құсбегілік өнер аталарынан қонған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 628 0
Сыр елінің Сәлимасы

Сыр елінің Сәлимасы

Есімі Сыр күрішімен қатар аталатын Социалистік Еңбек Ері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Сәлима Жұмабекованың еңбекпен өрілген өмірі ұрпаққа үлгі. Егіс алқабының алтын дәнін аялаған өнегелі өмір иесінің есімі бүгінде аңызға айналған.Сәлима Жұмабекова 1935 жылы Қармақшы ауданы, бұрынғы «Жаңа бақыт»  (қазіргі Дауылкөл елді мекені) ауылында дүниеге келген. Әкесі Жұмабек ескіше сауат таныған кісі болған. Ауыл балаларын оқытса, анасы Ақсалы жігерлі, қарапайым, қайырымды жан болыпты. Сұрапыл соғыс жылдарында әкесі  майданда ерлікпен қаза табады. Соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары, тұрмыстағы  қиындық пен ауыртпалық отбасындағы ана мен бауырларына оңай тимеді. Сәлима бір үйлі жанның жағдайын жасай жүріп еңбекке ерте араласты. «Бес там» мектебінің 8-ші  сыныбын бітірген жас өрім еңбек жолын сауыншылықтан бастайды. Кейін келе байланыс, құрылыс саласында да біршама уақыт жұмыс істеген шынашақтай қыз ширақтығын көрсетеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 1 228 0