Қазалыда тарихи-өлкетану музейі ашылды

Қазалыда тарихи-өлкетану музейі ашылды

  Қазалы ауданында Наурыз мерекесімен қатар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ел тарихын түгендеп, кеше мен бүгінді жалғайтын жәдігерлері мол музейдің болашағы жарқын болатынына сенім білдірді.      Бұл ғимаратта қазыналы Қазалының өткені мен бүгіні көрініс тапқан. Салтанатты шара қонақтары аудан тарихын бейнелейтін залдарды аралап, көне жәдігерлерді тамашалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 528 0
Сапалы ауыз су әрбір үйге жетуі тиіс

Сапалы ауыз су әрбір үйге жетуі тиіс

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша  Сырдария топтық су құбыры мен Талап топтық су құбырының құрылыс жобасын 2019 жылға дейін аяқтай жоспарланған. Сондай-ақ, аудандағы 12 елді мекеннің 19381 тұрғынын сапалы таза сумен қамту және  Жаңақорған кентінде су жүйесін жаңғырту жұмыстарының IV-ші кезеңін  аяқтау межеленген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 589 0
«Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолының құрылысы аяқталды

«Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолының құрылысы аяқталды

Жаңақорған ауданында автокөлік жолдары саласы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 211509,0 мың теңге қаржыға «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 2017 жылы бөлінген 100000,0 мың теңге қаржыға аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Шалхия» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 530 0
Жаңақорған ауданы: өткен жылы 5 мектеп салынды

Жаңақорған ауданы: өткен жылы 5 мектеп салынды

Ауданда 2017 жылы 5 мектептің құрылысы жүргізілсе, жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында Ақжол, Еңбек елді мекенінде дәрігерлік бекет,  Қандөз ауылында әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Аққорған ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 140 орындық балабақшаның құрылыс жобалары мен 2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,5 млн. теңгеге Екпінді, Қожамберді, Жаңарық ауылдарынан салынатын әкімшілік ғимараттарының құрылысын аяқтау және 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Саяжай аумағынан 600 орындық, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Облыста аудандар арасында бірінші болып көп қабатты 15 тұрғын үй құрылысын салуды бастап, оның үш қабатты бір тұрғын үйі пайдалануға беруге дайын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 524 0
Жаңақорған: ауылшаруашылығы саласында өсім бар

Жаңақорған: ауылшаруашылығы саласында өсім бар

 Ауданда егілетін негізгі дақыл күріш болғандықтан 9967 гектар күрішті егумен айналысып отырған 197 шаруашылық құрылымы, оның 15-і ірі, 182-і ұсақ шаруашылықтар болса, 2017 жылы егілген 9967 гектар күріштің әр гектарынан 48,6 центнерден өнім жиналып, 48000 тоннадан астам өнім алынса, өткен жылмен салыстырғанда әр гектарынан 5,1 центнерден, өсімі 11,2 %-ға жетіп, бидайдан 1,2 центнерден  артық өнім алындыМал шаруашылығы саласында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілген 130,6 млн. теңгеге 744 бас сиыр, ет бағытындағы 26 бас асыл тұқымды бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша берілген 16,0 млн. теңгеге 572 бас аналық қой, 65 қошқар, «Құлан» бағдарламасы  бойынша берілген 17,4 млн. теңгеге 75 бас аналық жылқы және 5 айғыр сатып алынды.2016-2017 жылдары егін егу және мал шаруашылығымен айналысатын 46 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, оның 9 (7-і ет, сүт өндірумен, 2-і АӨК жеке тұрғындардың мал тұқымын асылдандырумен айналысады) ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 428 0
Жаңақорғанда цемент шығаратын зауыт іске қосылады

Жаңақорғанда цемент шығаратын зауыт іске қосылады

  Жаңақорғанда индустриалды-инновациялық даму бағытында инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып  отырған «Казатомпром» АҚ-на қарайтын уран өндірісімен айналысатын «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС және қорғасын-мырыш өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ жұмыс атқаруда.Мұнан басқа жылыны 30 мың тонна әк шығаратын «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің зауыты,  жылына 560 мың тонна цемент өнімін шығаратын «БК Кызылордацемент» ЖШС-нің зауыты, жылына 12 мың 750 тонна томат пастасын шығаратын  «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің зауыты жобалары  іске асырылатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 569 0
Өзбекстанда есек етін сатқандар ұсталды

Өзбекстанда есек етін сатқандар ұсталды

Өзбекстанның Ферғана облысында қоғамдық тамақтандыру орындарына есек етін сатқан деген күдікке ілінген топ ұсталған. Бұл туралы Куштепе аудандық әкімдігі мен Бас прокуратура жанындағы ақпараттық-талдау орталығына сілтеме жасап Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик) хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 716 0
Сауда орталығында болған өрттен 37 адам қаза тапты

Сауда орталығында болған өрттен 37 адам қаза тапты

Ресейдің тергеу комитеті оқыс оқиға салдарынан 37 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 484 0
Бүгін еліміздің 13 қаласында ауа сапасы жақсарады

Бүгін еліміздің 13 қаласында ауа сапасы жақсарады

Дүйсенбі, 26 наурыз күні Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 381 0
Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсерлетеді деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 533 0