« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ресейдің тергеу комитеті оқыс оқиға салдарынан 37 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Кемерево қаласында орналасқан суда үйіндегі өрттен 37 адам қаза тапты. Дәл қазір үйінділерді тінту жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.
Осы хабарламаға дейін аймақтағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын дереккөзі 69 адамның із-түссіз жоғалғандар тізіміне енгенін айтқан болатын. Олардың қырығы – балалар. Сондай-ақ, ауыр жарақаттары бар 40 адамға медициналық көмек көрсетілді. Зиян шеккендердің көбісі әзірге ауруханада қалуға мәжбүр.
Төрт қабатты сауда орталығынан өрт шыққаны туралы хабар өрт күзетіне жексенбі күні күндіз келіп түскен. Өрт бірінші орталықтың үстіңгі қабатынан тұтанған. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метрге таралды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |