Сырдария. Ауданда тоғызқұмалақтан 10-14 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасында облыстық біріншілік мәресіне жетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан өтті. Әр ойыншыға классикалық ойында - 1 сағаттан, ал шапшаң ойында - 7 минуттан уақыт берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 ақпан 2014 г.
920
0
Шиелі. Үстіміздегі жылы аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы жөндеуден өткізіледі деп жоспарланып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 ақпан 2014 г.
842
0
Қазалы. Ауданда өткен жылы ана өлімі тіркелген жоқ. Туу көрсеткіші өсіп, сәбилер өлімі азайды. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 ақпан 2014 г.
763
0
Арал. Қыс басталғалы бері Аралда полигонға 3800 тонна қар шығарылды. Қыс мезгілінде қаладағы көлік жолдарын күтіп ұстау үшін бюджеттен 2 млн. 750 мың теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
802
0
Жаңақорған. Қасиетті Мәуліт айында сауапқа кенелгісі келген жергілікті кәсіпкер жігіттер кенттегі тұрмысы төмен 5 жанұяға қайырымдылық көмек жасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
907
0
Шиелі. Биыл ауданның Ш.Қодаманов ауылындағы 1,2 шақырым жол және Ақмая ауылындағы 3 көшеге 4 шақырым жол жасалып, мәселе шешімін табады. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлайды. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев есеп беру жиналысында осындай деректермен жұртшылықты құлағдар етті. Ал, пошта ғимаратын салу мәселесіне орай, аудандық пошта торабы бастығының орынбасары Зұлпыпхар Шакиров ғимарат салу үшін облысқа жіберілген тізімінде Ақмая ауылының пошта ғимараты бар екендігін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
904
0
Қазалы. Өткен жылы Қазалы ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1 млрд. 349 млн. теңге қаржы бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады. Аудан орталығы мен 8 елді мекенде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бірнеше ауылда жолдар жөнделді. Мұнан өзге 142 адамға 357 млн.теңге несие беріліп, 117 адам кәсібін ашты. Сонымен бірге, 80 адам кәсіптік даярлаудан өтті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
809
0
Арал. Аудан әкімі Мархабат Жайымбетовтің Ақбасты ауылындағы есепті кездесуінде жергілікті тұрғындары бірқатар өтініш-тілектерін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
776
0
Қармақшы. Кент ішінде жолаушылар мен автокөліктердің жүрісін толық қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 22 көше асфальттанды. Аудан орталығы –Жосалы кентіндегі 114 көшенің жалпы ұзындығы 77,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде кент орталығындағы 11 көшеге облыстық бюджеттен бөлінген 336,4 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 11 көшеге «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен орташа жөндеуге 140 млн 491 мың теңге жұмсалды. Жосалы кентінің көшелерін қалыпты жағдайда ұстап тұру мақсатында табиғи топырақты 15 көшені келешекте асфальттау үшін қиыршық тас төселіп, дайындық жұмыстары жүргізілді. №250 мектеп-лицейінің сауықтыру спорт кешені алдына асфальт төселінді. Кент орталығындағы жүргінші көп жүретін Қорқыт ата, Балқы Базар көшелеріне жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы төселді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
995
0
Қазалы. Ауданда алғашқы болып ауызсу жеткізілген он ауыл бар. Дегенмен, ол ауылдар қызмет көрсету жүйесіне қосылмаған. Аудан әкімі Бақыт Жақановтың айтуынша, өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 36,5 млн. теңге қаржыға сервистік желі құжаттарының әзірленген. Келер жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Ақтан, Жанқожа, Жалаңтөс батыр, Басықара, Бекарыстан би, Жалпақ, Майдакөл, Мұратбаев, Пірімов, Түктібаев ауылдарында ауызсуды үйге кіргізу жұмыстары басталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 ақпан 2014 г.
803
0