Тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі мәресіне жетті

Тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі мәресіне жетті Сырдария. Ауданда тоғызқұмалақтан 10-14 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасында облыстық біріншілік мәресіне жетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша  9 турдан өтті. Әр ойыншыға классикалық ойында -  1 сағаттан, ал шапшаң ойында - 7 минуттан уақыт берілді. 

Жарыс нәтижесінде шапшаң ойында 10 жас қыздар арасында Әсем Дәуренбекқызы, ұлдар арасында шапшаң ойын мен классикадан да Дамир Ахметов (екеуі де Сырдария ауданы), 12 жас ұлдар арасында Дінислам Өткелбай, қыздар арасында Жұлдыз Садықбек (екеуі де Қызылорда қ.) бас бәйгеге ие болды. Сондай-ақ, 14 жас ұлдар арасында шапшаң мен классикада да Бейбарыс Нұрқабыл (Жалағаш ауданы), қыздар арасында Нұрсұлу Маханова, ал классика бойынша 10 жас қыздар арасында Нұрай Мектепхан (екеуі де Сырдария ауданы),  12 жас ұлдар  арасында Мағжан Жаңбырбайұлы (Қызылорда), қыздар арасында Балнұр Айжарық (екеуі де Қызылорда қ.) сынды спортшылар жеңімпаз атанды. Енді спортшылар алдағы наурыз айында Семей қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2014 г. 920 0