Қазалыда өткен жылы ана өлімі тіркелген жоқ

Қазалыда өткен жылы ана өлімі тіркелген жоқ Қазалы. Ауданда өткен жылы ана өлімі тіркелген жоқ. Туу көрсеткіші өсіп, сәбилер өлімі азайды. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті. 
Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 50 млн.теңге бөлініп, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.  Аудандағы 5 ауылда дәрігерлік амбулатория салынды. Биыл 4 елді мекенде емхана салуға қаржы бөлініп отыр. Одан өзге Әйтеке би кентінен 150 орындық аурухана құрылысын салуға құжаттары дайындалуда. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2014 г. 766 0