Қызылорда облысында ішімдікке құмар және ақыл-есінде ауытқуы бар азаматқа көлік басқару құқығы берілген. Қармақшы аудандық ішкі істер бөліміне прокурорлық тексеру жүргізу барысында осындай дерек анықталып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қаңтар 2015 г.
838
0
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында түз тағысы тұрғын үйлерді торуылдап жүр. Тіпті иттерге ауыз салып үлгеріпті. Абырой болғанда, қорқаудың тырнағына адамдар ілінбеген. Тұрғындардың айтуынша, түз тағысы өрістегі малға да қырғидай тиіп жатыр. Әр малшының оншақты ірі қарасын қасқыр тартып әкетіпті. Енді олар күнкөріске айналған шаруашылығына алаңдаулы. Облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, қасқырлар өңірге тобырымен ығып келген ақбокендердің соңына ілесіп жүр. Енді мекеме мамандары қорқаудан келетін қауіптің алдын алу жұмыстарын қолға алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қаңтар 2015 г.
668
0
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған топ Алматы қаласында Ислам банкінің өкілдерімен деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қаңтар 2015 г.
866
0
Қызылорда облысы Арал аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік қамауға алынғандарды арнайы қабылдау пункті ғимаратының құрылысы жобасының сметалық құжаттары әзірленді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қаңтар 2015 г.
736
0
Қой шаруашылығын дамытуға арналған «Алтын асық» бағдарламасы Қызылорда облысында жоғары деңгейде жүзеге асуда. Өткен жылы 12 шаруашылық «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 131,0 млн. теңге несие алып, 5627 бас қой, оның ішінде 327 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Сонымен қатар 5 шаруашылық өз қаржысы есебінен 96,2 млн. теңгеге 4470 бас қой әкелді. Осылайша, жыл ішінде 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2015 г.
1 149
0
Арал ауданының әкімінің қолдауымен Жастарды қолдау орталығының Арал аудандық бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты бастамасымен ауданның өнерпаз жастарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратерең және Бөген ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2015 г.
984
0
Өткен жылдың 19-31 желтоқсан аралығында электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға және облыс тұрғындарын ынталандыруға арналған Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Барлығыңа бірдей, әркімге қолжетімді» акциясы өтті. Аталмыш акцияға белгіленген мерзім ішінде 482 тұрғын қатысқан. Акция шартына сай әрбір 10-шы қызмет алушыға ақпарат тасығыш (флешка), әрбір 50-ші қызмет пайдаланушыға ұялы телефон таратылуы тиіс-ті. 16 қаңтарыда өткен акция қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 39 тұрғынға флешка, 9 қызмет алушыға ұялы телефон табысталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2015 г.
650
0
Жалағаш ауданының тұрғыны атуға жарамды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз танысына берген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2015 г.
934
0
Үстіміздегі жылдың 23-24 қаңтар күндері Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстанға еңбек сіңірген экономист, Камал Шөкеновті еске алуға арналған қаржы саласының қызметкерлері арасында шағын – футболдан облыстық турнир өтеді. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қаңтар 2015 г.
664
0
Жаңақорған ауданы спортының мақтанышы, зейнеткер Мұсаев Тұрсынхан спорт саласындағы сіңірген ерен еңбектері үшін бірқатар медальдармен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 қаңтар 2015 г.
728
0