Психикалық есепте тұрған азаматқа көлік басқару құқығы берілген (видео)

Психикалық есепте тұрған азаматқа көлік басқару құқығы берілген (видео)Қызылорда облысында ішімдікке құмар және ақыл-есінде ауытқуы бар азаматқа көлік басқару құқығы берілген. Қармақшы аудандық ішкі істер бөліміне прокурорлық тексеру жүргізу барысында осындай дерек анықталып отыр.
Қадағалау органының өкілдері бұл заңсыздықтың аудандық аурухана тарапынан болғанын айтады. Мекеменің дәрігер-наркологы аудан тұрғынының сегіз жылдан бері диспансерлік тіркеуде болғанына көз жұма қарап, жүргізуші куәлігін алуға қажетті анықтама берген. Жалған құжатты ол өзінің туысы үшін дайындапты. Аталған фактіге байланысты қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Артур Баймаханов, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры -Бұл факті бойынша Жосалы кентінің тұрғыны 2007 жылдан бастап, психикологиялық есепте тұрғанына қарамастан, аудандық аурухана қызметкерлерінен жалған анықтама берілгендігі анықталды. Аталған қылмыстық бап бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


khabar.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2015 г. 838 0