Алматыда Сыр өңірінде исламдық қаржыландыруды дамыту мәселелері талқыланды

Алматыда Сыр өңірінде исламдық қаржыландыруды дамыту мәселелері талқыландыҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған топ Алматы қаласында Ислам банкінің өкілдерімен деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.


Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов Алматы қаласында Ислам банкі мен компанияларының басшылары: «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Прасад Абрахам, «Fallah Growth Found»-ның басқарушы директоры Хасан әл-Шами, «Kazakhstan Ijara Company»-ның бас директоры Хариш Юсуф және малайзиялық «Amanie Advisors CIS» компаниясының ТМД бойынша атқарушы директоры Едіге Алпысбаймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Сыр өңірінде исламдық қаржыландыруды дамыту мәселесін талқылады. Өз кезегінде аймақ басшысы Ислам банкі мен компаниялар басшыларын көктемде Қызылордада өтетін инвестициялық форумға шақырып, облысқа исламдық қаржыландыру механизмін енгізу шараларын талқылауды ұсынды.

Айта кету керек, өткен жылдың 26 желтоқсанында малайзиялық «Amanie Advisors» компаниясының ТМД бойынша атқарушы директоры, Ислам қаржысы саласында кәсіби түрде жұмыс істеп жүрген еліміздегі бірден бір маман Едіге Алпысбай Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында қызылордалық кәсіпкерлерге «Исламдағы «өсім» түсінігі және қаржылық құралдар» тақырыбында семинар өткізген болатын. Семинар қорытындысымен Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Едіге Алпысбай облыс әкімімен кездесті.

Алматы қаласындағы бұл кездесу Кәсіпкерлер палатасы бастамасының жалғасы. Кездесуде қос тарап ұсынылған жобалар бойынша әріптестік негізде бірлесе жұмыс атқаратын болып тарасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2015 г. 866 0