Сынаптай сырғыған уақыт ағымы білінбей өтіп жатқанымен, өмір жолыңда тағылымды ісімен тәнті ететін ардақты бір адамың болады. Ондай жанның есімі қашан да санаңда сайрап тұрады. Өзіңмен кезінде тіршіліктің қазанында біте қайнасып, бірге жүрген замандастарың туралы тілге тиек еткің келсе де оның ыңғайы үнемі табыла бермейді. Бірақ, өткенсіз – бүгін, бүгінсіз келешек жоқ дегендей, өзің құрметтейтін адам туралы, оның сан қырлы қасиеті, атқарған өнегелі істері жайлы айтып отыру ешуақытта артық болмасы анық.
ТАҒЫЛЫМ
29 сәуір 2018 г.
713
0
Халық мәдениеті – көпғасырлық тарихы бар ата-бабалардың рухани құндылық қазынасы. Қазақ халқының ежелгі дәуірлерімізден, қазіргі заманымызға дейінгі қалыптасу, даму кезеңдеріндегі жалпытүркілік философиялық-педагогикалық дүниетаным ерекшеліктерін, орта ғасырлардан бастап ұрпақтар санасынан берік орын алған діни-исламдық ұстаным сипатын, халықтың жан ділін адамгершілік-имандылық қасиеттер ықпалымен сәулелендіру, нұрландыру қызметін атқарған тәрбиеші-тәлімгер қайраткерлер тағылымын – бәрін қазіргі уақытпен сабақтастыра насихаттаған өнегелі тұлғалар даралана бағаланады. Халық мәдениетінің насихатшылары тұғырындағы өздерінің белсенді шығармашылық ізденістерін күнделікті тұрмыстық-әлеуметтік істерімен қатар атқара жүріп, осындай адамдар жаңа буынның болашаққа ұласатын жолына да айқын бағдар береді. Бұл орайда, сөз арқауындағы өнегелі өмірімен мәңгілік ұлағат танытқан тұлғалар қатарында Сәден Нұртайұлы (1930-2002) есімін де айтамыз.
ТАҒЫЛЫМ
29 сәуір 2018 г.
763
0
Ұлы Жеңіске 73 жыл толғалы тұрса да, қанды қырғын зардабы ел жадынан кетер емес, қайта жыл өткен сайын жаңғырып, оның кейбір «ақтаңдақ» тұстары зерттеліп қайта анықтала түсуде. Бір ғана Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылынан қаншама боздақ әскер қатарына алынып, санаулысы ғана елге оралғаны тарих беттерінен аян.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
757
0
Бұл әңгімені бастамас бұрын кейінгі толқын жастарға түсінікті болу үшін тарих беттеріне сәл шегініс жасасақ. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ бастаған ірі мемлекеттер Солтүстік Атлантиканың әскери одағын (НАТО) құрды. Ал, КСРО бастаған Еуропадағы социалистік елдер НАТО-ға қарсы тұратын Варшава әскери шартын жасаған еді. Сол кезден бастап «қырғиқабақ соғыс» деп аталатын текетірес басталып кеткен болатын. Варшава шартының бір мүшесі Венгрияны Венгр социалистік жұмысшы партиясы басқарды. Коммунистердің бастамасымен 1944 жылы мамырда антифашистік венгр майданы құрылды. Компартия неміс және венгр фашистеріне қарсы күреске басшылық етті.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
677
0
Бүгінгі кейіпкеріміз Шәмша Бисенбаев дүниеге келген 1921 жыл қоғам екіұдай болып арбасып тұрған заман еді. Осындай өліара кезде өмір есігін ашқан бала тез жетілді. Мектепті бітірмей жатып теміржол депосының жұмысшысы атанды. Елгезек бала еңбегімен ел аузына іліне бастаған тұста «Соғыс басталды!» деген суық хабар жетті. Жарты әлемді жайпап өткен соғыстың басталғанына 2 ай өткенде Шәмша майданға аттанды. Жиырмаға енді толған жастың көкейінде «жауды жайпап, ертең-ақ елге ораламын» деген сенім басым еді.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
644
0
Қазалы ауданы, қазіргі Мұратбаев ауылының тумасы Елембай Есіркеев 1916 жылы дүниеге келген. 1937 жылы Арал ауданының Қамыстыбас стансасында балалар үйінің тәрбиешісі болып жұмыс істеп жүрген кезінде әскерге алынды. Әскер қатарында КПСС мүшелігіне өтіп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, елге 1940 жылы аман-есен оралды.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
600
0
Түн. Айнала жым-жырт. Құдды бір мылқау тыныштық орнаған дерсің. Сол түн тыныштығында әсем ән әуелетіп қаршадай Қатыш келеді. Астында талай бәйгеде топ жарған қара жорға. Оның аудан орталығына баратынын білген әкесі сәйгүлігін қызына арнайылап дайындаған болатын. Кенет ауылға өтер тұстағы көпірге жақындағанда жорға осқырынып қоя берді. Он бес жасар Қатыш болса, атын қамшылаған бойы аққан жұлдыздай заулап өте шықты. Артынан қуып жете алмайды-ау деген сенімге келгеннен кейін қыз есін жиып, жан-жағын бағдарлай бастайды. Сонадайдан қолдарына қару асынған екі адамның сұлбасын көреді.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
776
0
Әр Жеңіс күні жақындағанда сол бір оқиғаның еске түсетіні бар. Соғыс кезінде тылдағылар ішіп-жемін айырған талоннан тарайтын сол тарих Жамал апаның баяғының жетегінде кеткен балалығы мен жастығын көз алдына қатар әкеледі. Сөйтеді де, кеудесін бір сағыныш кернейді. Балалары да бұл сырын біліп алған. Әшейінде өзінің қас-қабағын бағып жүретін айналайындар Жеңіс күні жақындағанда тіпті өбектегіш болып кетеді. Сұрапыл соғыста жеңімпаз атанған жұрттың адамдығы мен адалдығы жайлы естелігін ұйып тыңдайды.Туып-өскен мекені Қаратерең Сырдарияның Арал теңізіне құярлығына жақын ауыл еді. Қаратерең аталуына қарағанда есте жоқ ескі заманда ауыл орналасқан жер теңіздің табаны болса керек. Әйтеуір, бұлар ес білгенде айналасын бір-бірімен жалғасқан көл қоршап жататын.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
530
0
Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы көп жазылды. Бірақ олардың барлығынан оқырман қауым толық хабардар дей алмаймыз. Әсіресе, Баукеңнің қасында ұзақ жыл жүрген жерлесі журналист-жазушы Мамытбек Қалдыбаймен Батырдың сыр бөліскендегі психологиялық иірімдері бұл орайда оқырмандар қолына тие бермейтін сирек қазына болып табылады. Төменде ұсынылып отырған М.Қалдыбай мен Б.Момышұлы арасында өткен ғасырдың 70-80-жылдары болған әңгіме жазушының 2004 жылы жарық көрген «Атақ пен шатақ» атты кітабында жарияланған болатын.
ТАҒЫЛЫМ
25 сәуір 2018 г.
742
0
Елде ұжымдық шаруашылықтар, колхоздар құрылып, халықтың қарны енді тойына бастаған кезі еді. Батыста соғыс бұрқ ете қалды. Әкесі Адран Найзақара баласы 1942 жылдың маусымында майданға аттанды. Отбасында анасы Әлима, ағасы Төлепберген 5 жаста, Еркесары 3 жас шамасында, ал Жансары құндақтаулы сәби күйінде қалды.
ТАҒЫЛЫМ
24 сәуір 2018 г.
1 317
0