Бұрындары біздің отбасымызда әкемнің күрең қасқа тұлпары болатын. Бұл жылқының төресі тұрысы мен жүрісі бөлек, сұлу да кербез жануар еді. Оның қасиеті бір адамға ғана тоқтап, бағынатынынан байқалатын. "Сүрінбейтін тұяқ болмайды" демекші, жүріп келе жатқанда сүрініп кетсе, сонысына ұялып, мінген адамынан кешірім сұраған секілді бір рет бұрылып қарап, содан кейін ғана жүрісін жалғастыратын. Адалдығы соншалық егесін ешқашан жалғыз тастап кетпейтін.
РУХАНИЯТ
23 сәуір 2019 г.
441
0
Ертеде бір кісі жол жүріп келе жатып, қариядан жөн сұрайды. Сонда ақсақал жол көрсетіп, "Балам, жол жүрген шағыңда қорқынышыңды жеңе біл, шаршаған кезде мазарлар мен қорымдарға қонып, көз шырымын алуыңа болады. Жолың болсын!", – деп батасын беріп, шығарып салады.
РУХАНИЯТ
23 сәуір 2019 г.
495
0
Наурыз мерекесі бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Бұл жақсы тілек тілеп, кешірім жасап, табысу сияқты қасиеттер көрініс тауып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мейрам. Мерекеде түрлі салт-дәстүрлер орын алып, арнайы тағамдар дайындалып, ерекше тойланады.
РУХАНИЯТ
21 наурыз 2019 г.
840
0
Наурыз мейрамы ежелден түркі жұртының асыға күтетін қасиетті мерекесі болған. Ұлы дала төсінде өмір сүріп келе жатқан көшпелі халықтар арасында тойланып келе жатқан бұл мерекенің тарихы тым көне дәуірлерге кетеді.
РУХАНИЯТ
21 наурыз 2019 г.
783
0
Фототілші Болат Омарәлиев түсірген бұл суретте әнші-термеші, Нартай мектебінің өкілі Әбіләш Әбуов өзін қаумалаған өнерпаздардың ортасында сахнада ән шырқап отыр. Жасынан өнерге бейім болған ол есейе келе әсіресе, халық әндерін шебер орындаушыға айналды.
РУХАНИЯТ
19 ақпан 2019 г.
728
0
Сонау 1990 жылдың маусым айы, алдыма үлкен талап қойып, облыс орталығы – Қызылорда қаласына келген болатынмын. Бойымызда құдайдың берген өнері бар, енді атамұра – жыраулық өнерді ел игілігіне жарату үшін жоғары оқу орнына түсуге дәмелі жеткіншектердің бірі едім. Біздің бағымызға орай, сол жылы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка факультетінен «Халық әні» кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі болып белгілі жырау Алмас Алматов ағамыз тағайындалғанынан да құлағдар едік. Факультет ғимаратының алды өңкей өнерпаз жастардың қосыла, жекелей ән салып, жыр орындауларынан сырт қараған адам бұл-бұл бақта жүргендей әсерге бөленуші еді.
РУХАНИЯТ
16 ақпан 2019 г.
1 313
0
Сыр шайыры Тұрмағамбет киген тақия ақын аттас ауылдағы №29 орта мектеп музейінде сақтаулы. Фердоусидің «Шаһнамасын» қазақша сөйлеткен ақыннан қалған баға жетпес жәдігер сөреде 1990 жылдан бері тұр.
РУХАНИЯТ
14 ақпан 2019 г.
714
0
Зымыраған уақытқа тоқтам бар ма... Сол сынаптай сырғыған сағым жылдар санатында азды-көпті ғұмырының саналы жылдарын мәнді өткізген, туған жеріне шынайы қызмет жасаған, елдің есінде ұзақ сақталатын есімдер болады. Осындай өнегелі өмір кешкен азаматтардың қатарын Сағидулла Сағынайұлы толықтырады.
РУХАНИЯТ
09 ақпан 2019 г.
417
0
Жыл сайын 15 ақпан күні Ауған соғысына қатысушылар ауыр да азапты жылдарды еске алады. Олардың әрқайсысының жүрегінде «интернационалдық борышымызды өтедік» деген сенім бар.
РУХАНИЯТ
26 қаңтар 2019 г.
511
0
Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын ұлттық дүниетанымға негізделген өнер. Бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады.
РУХАНИЯТ
22 қаңтар 2019 г.
1 369
0