ТҰРМАҒАМБЕТТІҢ ТАҚИЯСЫ

Сыр шайыры Тұрмағамбет киген тақия ақын аттас ауылдағы №29 орта мектеп музейінде сақтаулы. Фердоусидің «Шаһнамасын» қазақша сөйлеткен ақыннан қалған баға жетпес жәдігер сөреде 1990 жылдан бері тұр.

Тақияны мектепке ақын­ның ұлы Әбдірауық табыстапты. Сонымен қатар, «Шаһ­наманың» машинкаға те­рілген алғашқы нұсқасы да осында. Екі мыңға жуық экс­понаты бар музейде ша­йырдың тақиясымен бірге шапаны, көзілдірігі, пышағы, күл салғышы мен қыны бар. Аталған руханият ордасын мектеп директоры З.Тасымова өз қаражаты есебінен 2015 жылы жаңа заманға сай қайта жабдықтаған.

«СБ» ақпарат.

РУХАНИЯТ 14 ақпан 2019 г. 713 0