Бүгінгі күні қазақстандық жоғары оқу орындарының алдында тұрған басты мақсат – еңбек рыногының сұраныстарына сай келетін сапалы білім беру қызметін ұсыну. Сапаны қамтамасыз етудің пәрменді құралдарының бірі отандық ЖОО-ң әлемдік рейтингтерге қатысуы болса, университеттердің ролін рейтингілік бағалау қоғамға да, тұтынушыларға да өте маңызды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
888
0
Бүгін Сыр өңірі жыр мен күйге бөленді. Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала» орталығында болып, жаңа туған 20 сәбиге есімдері жазылған домбыра сыйлады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
1 382
0
19 ақпанда Елбасы Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды. Осыған байланысты облыс әкімдігінің баспасөз орталығында мамандар брифинг өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
942
0
Қандай да бір тілдің дамығандық деңгейі үш түрлі белгіге ие болуынан көрінеді. Оның алғашқысы - өзіндік жазу жүйесінің болуы (графикалануы), екіншісі – жалпыға түсінікті әдеби нормасының болуы (стандартталуы) және үшіншісі – осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді болуы (модернизациялануы). Осы тұрғыдан келсек, қазақ тілін әлемнің дамыған тілдерінің қатарына қосу үшін осылардың бәрін ескеру қажет. Өйткені аталған белігерге тіліміз өз мәнінде жауап бере алмайды. Бұл қазақ тілінің кемшілігі немесе кінәсі емес, бұл - тіл дамытудағы кеңестік заманның зардаптары, сондай-ақ қазіргі біздің шалалығымыз. Қазіргі күні осы олқылықтардың орнын толтыру бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі жазу жүйемізді қайта қарап, латыннегізді жаңа қазақ әліпбиіне көшуіміз. Бұл бағытта саяси шешім қабылданды, бүгінге дейін үш жоба ұсынылып, жер-жерде талқылаулар өтуде. Бірінші Парламентте талқылауға ұсынылған (11 қыркүйек, 2017) жобаға, Елбасы назарына ұсынылған (9 қазан, 2017) әліпбиге, сондай-ақ Қазақстан «Ғалымдар одағының» мүшелері ұсынған әліпби жобасы бойыша да өз пікірімді білдірген болатынмын, олар баспасөзде жарияланды. Енді міне, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің тағы бір жобасына Елбасы қол қойып, талқылауға, сынақтан өткізуге беріп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
1 502
0
Өркениетті дамыған әлем елдері латын графикасымен бұрыннан жазады. Бүгінде әлемнің 100-ден астам елдері латын қарпін қолданады екен. Түркі тілдес елдер арасында 1929 жылдан бастап Түркия, 1992 жылдан Әзірбайжан, 1993 жылдан Өзбекстан мен Түрікменстан осы графикаға көшті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
1 097
0
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған маңызды міндеттері түсіндіру мақсатында бүгін республикалық ақпараттық топ мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бекешов Бауыржан Бисенбайұлы аудан тұрғындарымен, кәсіпкерлермен, ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізді»,- деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
982
0
Елбасымыз 2018 жылдың 19 ақпаны күні латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің өзгеріс енгізілген нұсқасын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Өздеріңізге белгілі 2017 жылдың желтоқсан айында латын әліпбиінің емле ережелерін жасауға арналған жұмысшы топ құрылған болатын. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және сараптамалық-техникалық бағытта белсенді жұмыс жасап жатқан жұмысшы топтың мүшелерін Тіл білімі институтының ғалымдары құрайды. Редакцияланған жаңа нұсқада аппробация қорытындысы және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп, қайта сарапталғаны байқалады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
952
0
"Әлемдік тәжірибе бойынша өркениетке, мәдениетке және ғылымға бет алған кез-келген мемлекет ең алдымен тілдің дамуына ерекше көңіл бөледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
995
0
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Өйткені, ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен бәсекелестік ғасыры. Ал, әлемдік ғылымның, жаңа инновацияның, тіпті ІT-технологияның басым бағыттары латын әліпбиінде жүргізілуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
809
0
Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді.Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 ақпан 2018 г.
1 218
0