« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған маңызды міндеттері түсіндіру мақсатында бүгін республикалық ақпараттық топ мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бекешов Бауыржан Бисенбайұлы аудан тұрғындарымен, кәсіпкерлермен, ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізді»,- деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.
Кездесуді аудан әкімінің міндетін атқарушы Балшекер Өтегенова ашып, жүргізіп отырды. Жолдауда айтылған 10 міндеттің маңыздылығына тоқталған аудан әкімінің міндетін ақарушы Балшекер Сұлтанбекқызы негізгі басымдық елді өркендетуге бағытталғанын атап өтті.
Өз кезегінде республикалық ақпараттық топ мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бекешов Бауыржан Бисенбайұлы жоспарлардың сапалы, нәтижелі жүзеге асуы үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек екенін айтты. Сонымен бірге, соңғы жылдары егемен елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жөнінде нақты мысалдар келтірді. Елбасы атап көрсеткен 10 міндеттің барлығы "Қазақстан-2050" стратегиясының іркіліссіз іске асуына оң ықпал ететінін жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауы туралы өз ойларын ортаға салды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы республикалық ақпараттық топ мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі бастаған құрметті меймандарға аудан халқының атынан алғыс айтып, жұмыстарына жеміс тіледі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |