Соңғы кездері маман ретінде Кіші Арал теңізін қайта қалпына келтіру «САРАТС-2» жобасына алаңдаулымын. Оның себебі, жақын кездері теледидар арнасынан Қазақстанның су қорлары комитетіне қарайтын Қызылорда қаласындағы «жобаларды іске асыру» басқарма бастығы С.Смайлов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу мәселесіне байланысты екі вариантын айтқан болатын. Бірінші варианты бойынша Кіші Арал теңізінің деңгейін Балтық теңізі системасымен 42-ші метрден 46-шы метрге жеткізу болса , екінші варианты теңіздегі су деңгейін 42 метрлікте ұстап қалып Сарышығанық бөлігін 50,0 метр деңгейге жеткізу қарастырылып жатырғанын айттты. Бұдан бұрында «Көкарал» бөгетінің деңгейін өсіріп, Кіші Арал теңізін біртұтас 50-ші метрге жеткізу сөз болғанын газеттерден оқып білгенбіз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
603
0
Өткен өмір жолдарыма көз салсам, күні кеше ақ бас толқындары жағаны жарыса ұрғылап жататын Арал теңізі көз алдымда көлбеңдей тұрады. Қырық жылдан астам уақыт бойы балық шаруашылығымен айналысқандықтан осы саланың бүгінгі жай-күйі әңгіме болса құлағым елең етіп, көңілге қуаныш сезімі ұялайды. Мұны айтып отырған себебім, сонау 1962 жылдан бастап, теңіздің дария-көлдердің, яғни су айдындарының ел-халықтың асыраушысы болғандығы, бертін келе теңіз тартылып, аралдықтардың тұрмыс тауқыметін тартқандығы жан ауыртатын. Бүгінгі ұрпақтың бірі білер, бірі білмес, кезіндегі бекіре, қаяз, сазан, тыран, ақ балық, тісті, жайын секілді қырыққа жуық балық түрі келмеске кете барды. Несібелерінен айрылған аралдықтар үдіре көшіп кеткен кезең де болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
759
0
72 жыл бұрын (1946) Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы дүниеге келді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
7 740
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жапонияның жалпыұлттық «Асахи симбун» газетіне сұхбат берді. Онда аймақ басшысы әлемді алаңдатқан Арал теңізінің мәселесі туралы айтып берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
598
0
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан республикалық «Жомарт жүрек» байқауының аудандық кезеңі Қармақшыда жалғасын тапты. «Атамекен» кіші бағдарламасының арнайы жобасы туған өлкені дамытуға үлес қосқан жанашыр жандар мен белсенді азаматтарды, білім, денсаулық, мәдениет саласына демеушілік жасаған ұжымдар мен жеке тұлғаларды, әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық бастамаларымен нәтижеге жеткен еріктілерді марапаттап, олардың тәжірибесін елге насихаттауды мақсат етеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
574
0
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
506
0
Қызылорда облысында жергілікті тұрғындарды ауыз сумен қамту мәселесінде оң өзгерістер бар. Бүгінгі күні облыстағы 265 ауылдық елді мекеннің 199-ы немесе 76,5 проценті орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл халық санына шаққанда 97 процентті құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
490
0
Қызылорда облысы әкімінің жастарға арналған білім гранттарының саны биыл 2 есеге көбейді. Олардың 70%-ы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бөлінеді, деп Қызылорда облысы әкімінің жастарға арналған білім гранттарының саны биыл 2 есеге көбейді. Олардың 70%-ы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 шілде 2018 г.
628
0
Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік өркен жая бастады. Оның дәлелі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатары артқан. Қолындағы азын-аулақ малының басын көбейтіп, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көргендер нарықтық қатынастың талаптарына төселе бастағандай. Әрбір ауылдың табиғатына тән өз кәсібі өрлеп жатса, онда көптеген мәселелер де өз шешімін табар еді. Ал оның ығытын тапқан елді мекеннің бірі – Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 шілде 2018 г.
470
0
Соңғы бес жыл ішінде Қызылорда қаласының даму деңгейі жақсарып, құрылыс саласы қарқын алғанын кез келген қала тұрғыны байқай алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 шілде 2018 г.
649
0