Қызылорданың даму деңгейін, қала мәдениетінің артқанын сәулетті нысандардан, соңғы жылдары қарқын алған құрылыс жұмыстарынан, гүл көмкерген көшелерінен, тазалығынан анық байқауға болады. Тұрғын-үй құрылысының жылдам әрі көп жүргізілуі қалалықтардың, әсіресе жас отбасылардың баспаналы болуына ықпал етті. Бұл туралы Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәжілісте де айтылған екен. Қала балабақша бизнесінің даму қарқыны жағынан өзге облыс орталықтарынан көш ілгері. Мектеппен қамтамасыз ету көрсеткіші де елдің көңілінен шығуда. Облыс әкімінің «Сабалақ» саяжай кешенін қала аумағына кіргізу жөнінде тапсырма беруі ондағы инфрақұрылым мәселелерінің оңтайлы шешіліп, қызмет көрсету деңгейінің артуына жол ашатыны белгілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
696
0
Биыл Астанаға – 20, Қызылорда қаласына – 200 жыл. Ел байтағының мерейлі мерекесіне Қызылорда облысы зымыран-ғарыш техникасы музейін тарту етті. Оның таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Сыр еліне ризалық сезімін жеткізген еді. Елдің рухын көтерген тарихи сәтті жерлесіміз, белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жырға арқау етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
691
0
Қазіргі күні аймақта 62 жылыжай бар. Мәліметке жүгінсек, оның 52-сі Қызылорда қаласында орналасқан. Қалғаны Жаңақорған, Шиелі және Қармақшы аудандарына тиесілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
628
0
Биыл Елбасы Жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылығы мен фермерді кооперативтерге біріктіру қажет деген тапсырма берді. Ал «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да ауылдық жерлерде кооперативтік өндірісті дамыту жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылатыны айтылған.Биыл Елбасы Жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылығы мен фермерді кооперативтерге біріктіру қажет деген тапсырма берді. Ал «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да ауылдық жерлерде кооперативтік өндірісті дамыту жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылатыны айтылған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
570
0
Елімізде әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында ауқымды жобалар атқарылуда. Соның бірі жастарға, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған ел тұрғындарын қолдауға бағытталған – «Zhas Project» жобасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
1 578
0
Кеше өңірлік коммуникациялар орталығында жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы барысында атқарылатын шаралар жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердәулетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ш.Алмашова, облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полициясы бөлімшесінің басшысы Ғ.Нығметов мәлімдеме жасады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
518
0
Шиелі – бір жағына Қаратау, екінші жағынан Сырдария аралығындағы шөбі, суы мол, тірлікке өте қолайлы, ат бауырын жазып шабатын дала. Тауды қарақұйрық, архар, киік жайлаған. Дария жағасындағы қалың тоғай сан алуан аңға, құсқа толы. Кезінде қамыс арасында қабан, жолбарыс тіршілік еткен. Қырғауыл, қоян, түлкі, басқа аң-құстар мекені болған. Ең соңғы жолбарысты орыс солдаттары аулап, көзін жойған. Қабанды 1940 жылға дейін Ресейден келген аңшылар аулаған. Қырғауылды жергілікті аңшылар Тәшкенге апарып сатқан. Сыр бойының табиғаты бай жері – Шиелі өте ерте замандардан көзге түскен. Тек үш ай қысы қатты. Қорғанысы – тоғайлар мен қалың ағаш, ну орман.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
654
0
Қызылордалық нұротандықтар «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын анықтап, республикалық кезеңге өткен үміткерлерді марапаттады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 шілде 2018 г.
563
0
“Өткеніңді білмейінше болашағыңды болжай алмайсың” деген халқымызда дана сөз бар. Сондықтан бүгінгі күні тарихты танып, ескі дүниелермен сусындауда елімізде музейдің орны ерекше болмақ. Музейді ескі жәдігерлер мекені дегенімізбен ол жерде экспонаттар залынан бөлек қаншама байлықты қойнына сыйдырып отырған қордың бар екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жуырда облыстық тарихи өлкетану музейінің қорындағы дүниелерді көрудің сәті түсті. 55 мыңнан аса экспонаттар жинақталған қорда тарихтың көне көмбесіне куә болдық. Ең алдымен айрықша көзге түскені түрлі салаларда қызмет атқарған еңбек ардагерлерінің латын тіліндегі құжаттары болды. Қызығушылығымды аңғарған болар бас қор сақтаушы Аманкүл Нұржанова сарғайған сары қағаздарды алдыма әкеліп, әрқайсысының тарихын зерделеп, қордың қызметін баяндап берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
943
0
Байқоңыр қаласында қала периметрін техникалық тұрғыдан күшейту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
27 шілде 2018 г.
563
0