Дүйсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен тұрақты кеңес болып өтті. Онда үш мәселе қаралды. Шараны ашқан аймақ басшысы ең алдымен кадрлық өзгерісті жеткізді. Облыстық құрылыс басқармасына Сержан Нәметшаның тағайындалғанын айтып, басқарма басшысының жұмысына сәттілік тіледі.
АҚПАРАТ
01 қазан 2013 г.
1 214
0
Ардагерлердің үш күнге созылған республикалық семинар-кеңесі өз жұмысын сәтті аяқтады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар осыншама уақыт Сыр өңірі ардагерлерінің жұмысымен танысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Біз де өзге облыс ардагерлерінің бастауыш ұйымдарының жұмыстарымен танысып, өзімізге қажетті ақпараттармен сусындадық. Тәжірибе алмасқан, ой бөліскен жақсы, кейде тың идеялар туындап, жаңа істер өмірге келіп жатады. Республикалық семинар-кеңес те біз үшін тың серпіліс болды.
АҚПАРАТ
01 қазан 2013 г.
1 352
0
Кеше облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» жанында әскери қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті. Еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін, ақылы негізде әскери-техникалық мектептен әскери мамандық алып шыққан 30 жас әскери ант қабылдады.
АҚПАРАТ
01 қазан 2013 г.
1 296
0
Облыс әкімінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі №219-ө өкімімен Нәметша Сержан Қасқырұлы Қызылорда облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
АҚПАРАТ
01 қазан 2013 г.
1 885
0
Сыр өңірінде өтіп жатқан ардагерлердің республикалық семинар-кеңесінің үшінші күні облыстық мәслихаттың мәжіліс залында аймақтың ардагерлер кеңесінің жұмысы жайындағы фильмнен бастау алды. Семинар жұмысын республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қысқаша сөз сөйлеп ашты.
АҚПАРАТ
01 қазан 2013 г.
2 809
0
Облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова Сыр еліне арнайы сапармен келген әйгілі актер Жерар Депардьені қабылдады. Әлемдік кинемотографияда қолтаңбасы айқын актердің сапарының мақсаты – Байқоңырға барып, зымыран ұшырылымына куә болу.
АҚПАРАТ
27 қыркүйек 2013 г.
1 288
0
16 қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы аумағындағы бірқатар нысандарды аралады. Бірінші кезекте «Қорқыт ата» әуежайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жаңадан салынатын халықаралық жолаушылар терминалының жобасын талқылады.
АҚПАРАТ
19 қыркүйек 2013 г.
1 177
0
Ресей-Қазақстан-Украина-Беларусь мемлекеттері мамандары тарапынан жүргізілген сараптамалар нәтижесінде Жаңақорған аудандық емханасы Қызылорда облысы бойынша 5-ші, республика бойынша 7-ші орынды иеленді.
АҚПАРАТ
19 қыркүйек 2013 г.
1 069
0
«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанаты болып өтті. Оған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері қатысты. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 16-30 аралығында өтетін спартакиада спорттық ойынның 10 түрінен жарыс өтеді. Олар арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, тағы басқа ойын түрлерінен командалар өзара бақ сынасады.
АҚПАРАТ
19 қыркүйек 2013 г.
1 195
0
Қазалыда басты дақыл күріш жинау қарқынды жүргізілуде. Ауа райының ашықтығын пайдалануды ұйғарған диқандар бір сәтке де толастар емес. Егіс танаптарындағы алып техникаларға да дамыл жоқ. Алқаптан орталыққа ағылған дән тасымалдағыш көліктерді қайтқан құс тізбектеріне ұқсаттық. Ал, қырман басы да қызу қимылға толы. Ауыл ішінде бейсауыт, сенделіп жүргендерді жолықтырмайсыз. Үлкен-кіші, бала-шаға баршасы ел ризығын рәсуа қылмауға тырысып-бағуда.
АҚПАРАТ
19 қыркүйек 2013 г.
1 055
0