Соңғы жылдары Қазақстанда халықты әлеуметтік қолдау бағытында көптеген игілікті шаралар жүзеге асырылуда. Бұл орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік әлсіз топтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің кеңінен қамтылған шараларын қабылдағанын атап өтуге болады.
АҚПАРАТ
01 қазан 2019 г.
348
0
Қала күніне орай жеңіл атлетикадан марафон өтті. «Салауатты Қызылорда» спорттық марафонына 1500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Жүлде қоры 500 мың теңгені құрайтын бәсеке сұлу Сырдың символына айналған «Сыр-Ана» монументінен басталып, «Евразия» мәдени спорт кешеніне дейін жалғасты.
АҚПАРАТ
01 қазан 2019 г.
231
0
Қай дәуірде болмасын Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Жуырда күзгі науқанда әскерге шақырылған қызылордалықтар Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
АҚПАРАТ
01 қазан 2019 г.
287
0
Биылғы жылдың 8 айының қорытындысымен облыс бюджетінің түсімдер болжамы 102,7 процентке орындалды. Келер жылы мемлекеттік сатып алуда үлкен өзгерістер болмақ. Бір орталықтан басқару жүйесіне өтетін бұл пилоттық жобаға Қызылорда облысы қатысушы болып айқындалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.
АҚПАРАТ
01 қазан 2019 г.
232
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты» деп атап өтті. Алдағы жылдары ішкі істер органдарының жұмысын жүйелендіре түсуге қомақты қаржы бөлінетінін де жеткізді. Бұл бағытта біздің облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қазан 2019 г.
463
0
Қазалы ауданындағы Майдакөл ауылдық округінде Бекарыстан би ауылының күні аясында теңге ілу мен аударыспақтан аудан біріншілігі өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қазан 2019 г.
458
0
Алматы қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты ақындар айтысы өтті. Бұл айтыстың басты ерекшелігі бір отбасынан шыққан ақындардың сахнада бір-біріне қарсылас атануы болды. Соған орай өнерсүйер қауым әже мен немере, әке мен бала, аға мен іні сияқты отбасылық айтыстарға куә болды, - деп хабарлады BAQ.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қазан 2019 г.
550
0
Ұстаздар жəне Кəсіподақтар күні мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданындағы «Талды су» лагерінің базасында білім қызметкерлерінің дəстүрлі облыстық спартакиадасының жалауы көтерілді. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде ұстаздар спорттың футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннис, гір тасын көтеру, арқан тарту жəне қол күрес түрлері бойынша сынға түсті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қазан 2019 г.
361
0
Өткен сенбі, жексенбі күндері А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ардагер ұстаздары Сыр елінде болды. Елбасының «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай арнайы «Туған жер» жобасы және «Халықаралық қарттар күні» қарсаңында өлкеміздің киелі жерлерінде болып, Қорқыт баба кесенесіне тағзым етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қазан 2019 г.
382
0
Сенбі күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан ардагерлер арасындағы халықаралық турнирдің жалауы желбіреді. «Қорқыт баба» кубогына арналған турнирде Ресей, Өзбекстан мемлекеттері мен Алматы, Шымкент, Байқоңыр қаласынан және Түркістан, Жамбыл облысы мен Сыр елінен келген 100-ге жуық ардагер бақ сынады. Дүбірлі доданың құрметті қонағы ретінде ҚР Генерал лейтенанты Аманкелді Шардарбаев пен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовтар келді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
АҚПАРАТ
01 қазан 2019 г.
243
0