Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің студенттері Промбаза АҚ «КЭТТ» мекемесінің жұмысымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2019 г.
191
0
Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақта қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев финалға жолдама алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2019 г.
520
0
Қазір егіс науқаны қызған шақ. Гүрілдеген техниканың даусы құлақ тұндырады. Ала жаздай еңбек еткен диқандар егін жинауды орталап қалды. Ендігі міндет – еккен егінді жауын-шашынға қалдырмай, төкпей - шашпай жинап алу. Қырманға дән толса, еңбектің ақталғаны. Күріш тау-тау болып биіктеген сайын жігерлене түскен шаруа адамының жүзі қуаныштан бал-бұл жайнайды. Бұл – қажырлы еңбекпен келген бақыт.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2019 г.
883
0
Әлемде Қорқыт ата кітабының біз білетін екі-ақ нұсқасы бар. Бірі Германиядағы Дрезденде болса, бірі Италиядағы Ватиканда сақталған. Дрезден нұсқасында 12 сюжет, Ватикан нұсқасында соның алтауы бар. Біз жиі айтатын Қорқыт атаның нақылдары, оғыз-қыпшақ ұлыстардың құрылу тарихы, оғыз батырларының ерліктері осы кітаптарда. Белгілі, бұл – түбі бір түркіге ортақ қазына.Ал, жуырда тұтас түркі жұртын елең еткізерліктей жаңалықтан хабардар болдық. Қорқыт ата кітабының үшінші нұсқасы Иран елінен табылды! Бір қызығы, мұндағы жыр бұрынғы нұсқаларда кездеспейді. Осы жаңалықты естіген бойда Түркия, Америка сынды елдерден «мен таптым» деп 8 адам БАҚ-қа хабарласып, жарияға жар салған көрінеді. Бірақ, «Қорқыт ата» кітабын қолжазба күйінде сатып алып, құнды дүние екенін сезіп, көшірмесін ғалымдарға ұсынған адам біреу-ақ. Ол – ұлты қазақ Уәлимұхамед Қожа. Ал біз тағдырына осындай аса маңызды дүниені табу, оны көпшілікке жариялау бұйырған Ирандағы қандасымызбен Сыр елінде ұйымдастырылған түркітілдес елдердің өнер фестивалі қарсаңында жолықтық. Кітап көне түркі шағатай тілінде. Беттері сарғайған көне қолжазбаның көшірмесін біз де көрдік, бірақ оқи алмайтынымыз бесенеден белгілі. Бастысы, мұның әлі қазақша аудармасы жоқ.Уәлимұхамед Қожа «Қорқыт ата» кітабын қалай тапты, ғалымдар не дейді, Қазақстанға қалай келді? Бұл туралы өзімен әңгімелестік. Сөз арасына түркімен, парсы сөздерін қосып сөйлейтін болғандықтан, бізге ағылшын-парсы тілдерінің маманы Нияз Тобыш көмекке келді.
Cұхбат
21 қыркүйек 2019 г.
2 023
0
Дәстүрлі шараның ұлттық болмысын ұлықтаған, ежелгі өнерді саф алтындай сақтаған Сыр өңірінде ұйымдастырылуы тегін емес. Көршілес Қырғызстаннан қасиетті Қорқыт баба жеріне алғаш келуім. Келген күні облыстық тарихи музеймен танысып, қаланың көрікті жерлерін араладық. Маған қатты ұнады.
РУХАНИЯТ
21 қыркүйек 2019 г.
416
0
«Қорқыт және Ұлы дала сазы» жиыны әу бастан игі бастама болды. Биыл бесінші мәрте өтуде. Қорқыт бабамыз тек Сыр еліне ғана емес, түркітілдес елдерге ортақ тарихи тұлға ретінде қарастырылады.
РУХАНИЯТ
21 қыркүйек 2019 г.
405
0
Ұлы өнерімен Ұлы даланытербеткен, мәңгілік өмірдің жоқшысы, күллі түркі әлемінің ортақ ұраны – Қорқытатамызға арналған алқалы жиынның Сыр елінде өтуі тегін емес.
РУХАНИЯТ
21 қыркүйек 2019 г.
458
0
Бұл фестиваль барша түркітілдес елдердің басын қосқан рухани көпір іспетті. Қазір түркітілдес елдер арасында ынтымақтастық нығайып, достық байланыс орнаған.
РУХАНИЯТ
21 қыркүйек 2019 г.
425
0
Сыр өлкесін ән мен жырға бөлеген түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің ашылу рәсімі өтті. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған шара үш күнге жоспарланған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2019 г.
571
0
А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық өнер фестивалі аясында «Тұран – түркі есігі, Қорқыт – жырдың бесігі» атты концерт өтті.
АҚПАРАТ
21 қыркүйек 2019 г.
417
0