Бокстан ӘЧ: Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартты

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақта қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев финалға жолдама алды.

Оның қарсыласы австралиялық Юстис Хуни шаршы алаңғы шығудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қамшыбек Қоңқабаев бүгін австралиялық Юстис Хунимен қолғап түйістіруі тиіс еді. Дегенмен белгісіз себептерге байланысты қарсыласы шаршы алаңға шыққан жоқ. Нәтижесінде Қамшыбек финалға жолдама алды.

Қамшыбек әлем чемпионатында алғашқы сайысын 1/8 финалдық сатысынан бастады. Ол испаниялық Аюб Гадфаның осал тұсын тапты. Одан кейін ширек финалда неміс боксшысы Нелфи Тифакты жеңді.

Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылдың 18 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бүгінгі күнге дейін 2017 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, 2017, 2019 жылдарда Азия чемпионатында екінші орын алды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2019 г. 510 0