Бүгінгі өмірімізді ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын оның мүмкіндігі шексіз. Ақпараттар ағыны да сәт сайын жаңаруда. Ал көштен қалып қоймас үшін заман талабына сай білімің мен мамандығың болуы тиіс. Осы тұрғыда республикада бірінші болып облыс жастары IT ECHELON жобасы арқылы frontend-әзірлеу мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша 6 айлық курстан өтті. Наурыз айында басталған жобаның жабылу салтанаты Жастар орталығында ұйымдастырылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қыркүйек 2019 г.
576
0
«Несиесі жоқ адам бақытты» деген сөз пайда болды. Талайды несібесінен айырған сол несиенің жыры таусылар емес. Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктерге қарызы 4 триллион теңге. Әйтеуір банк қызметіне жүгініп, өсімақымен несие алмаған азаматты табу қиын қазір. Ең қиыны, біз «қарызға» өмір сүруге әбден бой алдырдық. Соңғы бір жылда халықтың қарыз алу қарқыны 15 процентке артқан! Сайда саны, құмда ізі жоқ, біркүндік мақтан үшін, бір жайылатын дастарқан үшін, «құда-жекжаттан ұят болмас» үшін намысқа тырысып, «қарызға бататын» жағдайға да жеткенімізді жасыра алмаймыз. Үйлену тойын несиесіз өткізбейтін қазақ қалмады. Тіпті, құндыз тон, соңғы үлгідегі тұрмыстық техникалар, қалта телефонын алып, сол үшін жылдар бойы банкке қарыз болып жүру қалыпты жағдайға айналды. Ол аз десеңіз, шетелге барып демалу мен қымбат темір тұлпар тізгіндеуді бәсекеге айналдырдық. Қысқасы, тіршілікте несиеге тіреліп тұрған түйткіл көп...
ЖАРНАМА
10 қыркүйек 2019 г.
1 128
0
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған идеологиялық актив және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, сала басшылары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қыркүйек 2019 г.
307
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауы әлеумет тарапынан қолдау тауып, қызу талқыланып жатыр.
ҚОҒАМ
10 қыркүйек 2019 г.
902
0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қыркүйек 2019 г.
338
0