« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгінгі өмірімізді ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын оның мүмкіндігі шексіз. Ақпараттар ағыны да сәт сайын жаңаруда. Ал көштен қалып қоймас үшін заман талабына сай білімің мен мамандығың болуы тиіс. Осы тұрғыда республикада бірінші болып облыс жастары IT ECHELON жобасы арқылы frontend-әзірлеу мен технологиялық кәсіпкерлік бойынша 6 айлық курстан өтті. Наурыз айында басталған жобаның жабылу салтанаты Жастар орталығында ұйымдастырылды.
Өңірде ІТ саласына қызығушылық танытып жүрген жастар қатары артып келеді. Дарынды өрендерге қолдау көрсету бағытында облыс әкімінің биылғы оқу грантының 70 пайызы осы салаға қажетті мамандықтарға арналды. Аймақта инновациялық және бизнес бастамаларға әрдайым қолдау жасалуда. Бұл жобаны «Жастар жылы» аясында жүзеге асырылған игі шаралардың бірі деуге болады.
Шараның қорытындысында «Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков IT ECHELON жобасының алғашқы түлектерін құттықтады.
– Әр апта сайын мықты мамандар сіздерге курстар жүргізді. Оны оқуға біз жас шамасына қарай шектеу жасамадық. Бұл жерде оқушылар да, студенттер де болды. Тіпті кей оқушылар бірде бір сабақты жібермей өзінен үлкендерге үлгі көрсетті. Ашық қоғамда соңғы жаңалықтардан қалып қоймай, облыстағы тың жаңаша идеялардың жаршысы өздеріңіз бола біліңіздер,– деп тілегін жеткізді.
Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Мәди Бекмағанбетов бұл жоба оқушыларға қазіргі заманның ақпаратын тез меңгеруге мол мүмкіндік бергенін айтты.
– Жаз бойы жастарымыз уақыттарын тиімді пайдаланып, осы жерде білім алды. Олар сайт жасауды, уақыт талабынан қалмау үшін ақпарат саласын тез меңгеріп, жылдам шешім қабылдауды үйренді. Облыста барлығы 6 IT мектеп бар. Бұл бастаманың мақсаты – жастарды цифрлық сауаттылыққа баулу, – деді.
IT ECHELON – бұл ВЕБ-қосымшаларды әзірлеудің негізгі аспектілері бойынша онлайн мүмкіндігін беретін оқу бағдарламасы. Оған қатысушылар фундаментальді аспектілер бойынша онлайн интенсивтермен веб-қосымшаларды әзірлеуді үйренеді. Жаңа жобаға қатысушылар Қазақстанның және ТМД елдерінің Яндекс, Майл ру, Tinkoff секілді ІТ компаниялардың кәсіби мамандарынан дәріс алды. Осылайша, жарты жыл көлемінде 200-ден астам жас өз білімдерін тың ақпаратпен толықтырды. Жоба аясында оларға семинар, воркшоп, кездесулер мен бизнес-ойындары жүргізілді.
Шара барысында стартап жобасының алғашқы қарлығаштары ой-пікірлерімен бөлісіп, 6 ай бойы алған білімдерін ортаға салды. Олардың барлығына оқу сертификаттары табысталды. Алдағы уақытта мұндай курстар жалғасын табады.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |