Білесіз бе, пластик қалбыр мен полиэтиленді қалталар қолданысқа енгелі Жер шарының тұрғындары 8 миллиард тонна қоқыс шығарған. Бұл көрсеткіш ұдайы өсіп келеді. Экологтардың дабыл қағуының да басты себебі сол.Пластикалық қоқыс мәселесімен көптеген елдер, әсіресе Батыс елдері күресіп келеді. Жалпы, 60-қа жуық мемлекет полиэтиленді пакетке ішінара және толық тыйым салды, тағы біршамасы қалдықтарды қайта өңдеуге жіберіп, екінші рет пайдаға асыруда. Бұл салада Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Словения, Австрия және т.б. мемлекеттер табысқа қол жеткізген.
ҚОҒАМ
17 тамыз 2019 г.
1 621
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағанбетовтің қатысуымен брифинг өтті. Бірлестік төрағасы І жартыжылдықта атқарған жұмыстар жайын мәлімдеді.
АҚПАРАТ
17 тамыз 2019 г.
348
0
«Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, өңірде қысқа дайындық жұмыстарының қандай деңгейде екенін бағамдау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті баспасөз турын ұйымдастырды.
АҚПАРАТ
17 тамыз 2019 г.
274
0
Көрнекті қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оразбек Сәрсенбайдың халқымыздың әдебиеті мен руханиятына сіңірген еңбегі мол. Ол кісі тірі болғанда үстіміздегі жылдың 20 тамызында 81 жасқа келер еді.
ТАҒЫЛЫМ
17 тамыз 2019 г.
723
0
Сырдария өзенінің төменгі ағысын жағалай орналасқан киелі ескерткіштер қатарынан ортағасырлық қалалар, кесенелер, жерлеу орындары және басқалары табылады. Солардың ішінде оғыздар заманындағы сәулет өнерінің керемет туындылары – мұнаралардың орны ерекше.
Тарих
17 тамыз 2019 г.
2 076
0
Бүгінде туған күн кешінде торттың бетіне балауыз шам жағып, оны өшіру дәстүрі кең етек алуда. Әсіресе баланың туған күнінде өз «шырағын» үрлеп өшіру мерекенің басты көрінісіне айналғандай дермісіз. Туған күн иесі неше жасқа толса, сонша шырақ торттың бетіне әсемделіп қойылады. Оны үрлеп өшірген бала да, келген қонақтар мен ата-ана да бұл рәсімге қол соғып кәдімгідей мәз. Мұндай көріністі үйлену тойларында да кездестіретін болдық. Жаңа отау құрған жастардың өз отын өздері үрлеп өшіргендері ырымға жаман саналады. Жалпы батыстың кейбір дәстүрі біздің өмірімізге қалай дендеп кеткенін білмей қалған сияқтымыз. Расында бұл қайдан келді?
ЖАРНАМА
17 тамыз 2019 г.
1 834
0
Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылы – ауызбірлігі мықты, азаматтары белсенді, ісі ілгері басқан елді мекеннің бірі. Ауылдың негізгі тіршілігі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болса, оның ішінде күріш өсіруге басымдық берілген. Бұдан бөлек, бау-бақша егіп, төрт түліктен төл өсіру жұмыстары да жүйелі жолға қойылған. Жалпы, ауылдық округ аумағында 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив, 12 шаруа қожалығы бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 тамыз 2019 г.
1 509
0