«Astana Musical» мемлекеттік театры 8-11 мамыр аралығында Сыр елінде гастрольдік сапармен болып, өз өнерлерін паш етпек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өнер ұжымының артистері Игілік Оразалы, Инабат Ризабекова, Әділет Әбдуқадіров және театр әкімшісі Жұлқаш Жұмажан мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 мамыр 2019 г.
432
0
Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты ақын-жазушылармен студенттердің кездесу кеші өтті.
АҚПАРАТ
09 мамыр 2019 г.
707
0
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
09 мамыр 2019 г.
2 092
0
Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шара дүниеден озған майдан жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 мамыр 2019 г.
529
0
Ұлы Отан соғысына қатысып, бес орденмен марапатталған қазалылық соғыс ардагері болғанын кездейсоқ естігенімде сене қойған жоқпын. «Медальдарды да орденге қосып тұрған шығар» деп ойладым. Тарихшы ретінде соғыс тақырыбын зерттеп жүргенімде 2-3 ордені бар соғыс ардагерлерін білетінмін, олар нағыз батырлар еді. Солардың бірі «Қызыл Жұлдыз» орденінің екі мәрте иегері, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері М.Беков деген кісі еді.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
1 869
0
Сейдахметов Алтынбек 1916 жылы Шиелі ауданы, бұрынғы Сырдария ауданы, Сұлутөбе аумағында ауқатты шаруаның отбасында дүниеге келген. Сұлутөбе құрылыс материалдары комбинатында жастайынан жұмысқа араласқан. 1937 жылы Белгібайқызы Жақсыгүлге үйленіп, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған күннің ертеңіне, әскер қатарына алынған.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
713
0
Биыл жер-жаһандағы ең сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл толып отыр. Арада қанша уақыт өтсе де қайғылы қантөгістің қасіретін санадан сызып тастау әсте мүмкін емес. Төрт жыл бойы от пен оқтың ортасында ерлік үлгісін көрсетіп, батырлық танытқан ерлер есімі тарихта алтын әріппен жазылып қалатыны анық.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
1 048
0
Болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күрескен арқасүйер ардагерлерді ұлықтау, құрметтеу – бүгінгі саналы ұрпақтың парызы. Отан үшін от кешкен жауынгерлер қандай да құрметке лайық. Жеңіс күні қарсаңында облыстық полиция департаменті басшысы, полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров бастаған қызметкерлер соғыс ардагері Махамбет Бержанов пен қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевтың ата-анасын құттықтады.
АҚПАРАТ
09 мамыр 2019 г.
302
0
Тойымбетов Омар 1921 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы (бұрынғы Жаңақұрылыс) Құттықожа ауылында дүниеге келген. 5 жасында әкесінен айырылып, анасы Қалдығыздың тәрбиесінде болған. Жастайынан еңбекке араласқан ол 1940 жылдың 10 қаңтарынан Жаңақорған аудандық кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі қызметін атқарған. Өзінің зеректігі арқасында елдегі сауатсыздықты жою жұмысына белсене араласып, мұғалім болған.
ТАҒЫЛЫМ
09 мамыр 2019 г.
1 119
0
Қазалының Бекарыстан би ауылында тұратын қарт майдангер Қабақ Смағұлдың ұзақ жылдар бойғы арманы орындалды. Қан майданға аттанып, сүйегі жат жерде қалған әкесінің мәңгілік мекені табылды. Өзі оқ пен оттың арасынан кеудесіне «Қызыл Жұлдыз» тағып оралғанмен, әкесі Смағұл Жетесовтен хабар болмай, «көкемнің жерленген жерін тауып, басына барып қайтсам екен» деп ойлайтын. Жасы тоқсанның төріне озған Қабақ қария әкесін ерекше тебіреніспен еске алып, жылдар бойы жүрегінде сақтаған сағынышын білдіріп отырады.
ТАНЫМ
09 мамыр 2019 г.
1 088
0